AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан ормандарды тұрақты басқаруда финдердің т...

Қазақстан ормандарды тұрақты басқаруда финдердің тәжірибесіне сүйенеді

Әлеумет 01.11.2023, 05:30 1,236
Қазақстан ормандарды тұрақты басқаруда финдердің тәжірибесіне сүйенеді
Сурет: Gov.kz

Финляндия орман өнеркәсібінің ел экономикасында сүбелі орны бар, орман ресурстарына ең бай ел. Финляндия ормандарды сертификаттаған алғашқы ел. Ағаш кесу техникасы, өндірісі, өңдеуі дамыған жеке орман шаруашылығының көшбасшысы.


ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Н.Нысанбаевтың, фин делигациясының, сондай-ақ ғылыми қоғамдастық, қазақстандық бизнес секторы және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Ормандарды тұрақты басқару жөніндегі Қазақстан-фин форумы» өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметіне сай, Финляндия ормандары ел аумағының, шамамен, 76%-ын алып жатыр және  Финляндияның орман өсіру жөніндегі іс-шараларды және ағаш дайындаудың дамыған жүйесін өткізудегі тәжірибесі біздің еліміз үшін пайдалы. 


Біздің еліміздің мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы – 30,9 млн. га құрайды және республика аумағының 11,3%-ын алып жатыр. Тәуелсіздік жылдары орман қорының ауданы – 6,4 млн.гектарға (25%) ұлғайды.



«Бонн шақыруының мақсаттарына қол жеткізу үшін біз 2021 жылдан бастап ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін жыл сайын 10 мың гектарға ұлғайтуға міндеттендік, нәтижесінде бұл 1,5 млн. гектарды құрайды», - деді Н.Қ.Шәрбиев.



Осы бағытта Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша республика аумағындағы ормандарды ұлғайту мақсатында 2021 жылдан 2025 жылға дейін мемлекеттік орман қорына 2 млрд. сеппелер отырғызылады.



«Қазақстан мен Финляндия арасында инвестициялық ынтымақтастықты арттыру және өзара сауданы ұлғайту бойынша үлкен мүмкіндіктер бар. Біз барлық бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге және нығайтуға ниеттіміз», - деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Н.Нысанбаев Финляндияның халықаралық сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысының орынбасары Ярно Сырьяламен екіжақты кездесу барысында.



Министр, сондай-ақ, биыл екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияға 30 жыл толатынын атап өтті.


Форум елдердің ағаш өңдеу өнеркәсібінің дайындығы мен әлеуеті туралы ақпарат алмасуға, сондай-ақ осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастық мүмкіндігін талқылауға арналған алаңға айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#орман #финдер #тәжірибе #басқару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);