Қазақ журналистикасы қайда барады? Медиа сарапшымен сұхбат

  • 14:20, 03 мамыр 2025
Қазақ журналистикасы қайда барады? Медиа сарапшымен сұхбат сурет: ашық дереккөз

3 мамыр – Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні. Қазақстан RSF (RSF – Reporters without border) халықаралық журналистер құқығын қорғау ұйымының мәліметінше сөз бостандығы рейтингінде 180 елдің арасында 141-орында тұр. Бұл көңіл көншітерлік жайт па? Бүгінгі қазақ журналистикасының ақсап тұрған тұсы қайсы? Осы турасында Aqshamnews.kz тілшісі заңгер, медиа сарапшы Ғалия Әженовамен сұхбаттасты. Сарапшы еліміздегі  қазіргі ақпарат кеңістігінің ахуалы, тәуелсіз медианың тынысы және қазақ тілінің медиадағы орны туралы ашық әрі өткір ойларын бөлісті.

Саяси тұтқындарсөз бостандығының басты индикаторы

Ғалия Әженованың пікірінше, Қазақстанда сөз бостандығы жылдан-жылға шектеліп келеді. 

“Біз бір нәрсеге баға бергенде өткенмен салыстырамыз ғой. Егер салыстырар болсақ, бүгінгі жағдай бұрынғыдан жақсы емес”, – дейді ол. 

Сарапшы мұның басты себебі ретінде – елдегі саяси тұтқындардың болуын алға тартады. Яғни қоғамда ашық пікір білдіру, еркін ой айту – әлі де қауіп төндіретін әрекет саналады.

Сатира мен сынның шекарасы қайда?

Елде соңғы уақытта саяси тұтқындардың саны артпаса, азаяр емес. RSF көрсеткішінде Қазақстан саяси тақырыптар еркіндігі бойынша жалпы рейтингтен де төмен индикатор көрсетіп отыр. Осы тұста Ғалия Әженова саяси сындарлы ойын сатирамен жеткіземін дегендердің от басуына қатысты ойын жеткізді. 

«Кез келген адамды, ұлтты бастан-аяқ қорласа ешкім қарап отырмайды. Сатира деген – мысқыл. Ол әзіл емес. Десе де көрерменге не оқырманға күле отырып біз сұққандай әсер қалдырады. Оның өзінде ар-намысқа, әсіресе халықтың намысына, абыройына нұқсан келтіретін жағдайлардан аулақ болуы керек. Нендей жағдай болмасын шекарадан шықпау керек» дейді сарапшы. 

Ақпаратты бұрмалаужурналистиканың жауы

Кейінгі жылдары кейбір ақпарат құралдарының белгілі біроқиға не тұлғаныақтап алумақсатында жалған ақпараттаратуы жиілеп кетті. Сарапшы мұны алаңдатарлық жағдайдеп есептейді.

“Журналистің біреудің жеке өміріне қол сұғуына құқығы жоқ. Ол тек сырттай сот процесін немесе кейіпкердіңпсихологиялық портретін беруі мүмкін. Ал кейбіреулер өзпікірін тықпалап, жеке мүддені насихаттап жатадыбұлжурналистика емес. Себебі оның ар жағынан қылтиып біреудің тапсырысмасы тұрады”, – дейді ол.

Тәуелсіз медиа – тар жол, тайғақ кешу

-Қазіргі қоғамда тәуелсіз медиа құру мүмкін бе?

-Тәуелсіз медианың жолы қиын. Бұл – жазықтығы жоқ, кілең кедергілерден тұратын соқпақ жол.  Тәуелсіз медиа құру үшін тіреуің  мықты болуы керек. Саған қолдау көрсететін берік , мығым сенетінің, артыңда сені қорғайтын біреу болуы керек. Әрбір журналист аргументациясы бар, өз сөзіне жауап беретіндей деңгейге жетуіміз керек. Қалай болса солай, анау мынаны айтты деген өсектер жарамайды. Бұл журналистиканың  дамуын артқа сүйрейді. Көп сөзді қойып нақты істерге, шешімдер ұсынуға кірісу керек. Ұзақ материалдардан арылып, қысқа-нұсқа, айтары бар аналитикалық материалдар көбірек ұсынған жөн.

Қазақ журналистикасы мен тіл мәселесі

Медиа сарапшы елде қостілділік тенденциясында бірқатар мәселелер барын және қазақ журналистикасының әлі де кәсіби биіктікке жете алмай жатқанын қынжыла айтты. 

“Орыс тілінде жарық көретін материалдардың деңгейіне жету үшін бізге ішкі рух жетіспейді. Түрлі қазақтілді журналистердің материалдары орыс тілінде ұсынылған жағдайдағы деңгейге жетпегені қынжылтады. Бізде жақсы материалдар ұсынып, еңбектеніп жүрген журналистер бар. Оларға мен материалын қазақшамен қоса орыс тілінде де ұсынса деймін.  Сол кезде резонанстың көкесі болады. Бұл әрине екі жұмыс болғанымен нәтижесін беретін дүние. Біз тек қазақтарға ғана айтып, өзара талқылап, кесіп-пішіп, сол қалыпта жауып қоя салғанымыз дұрыс па, әлде бүкіл елді шулатқанымыз дұрыс па?”, – дейді ол. 

Бүгінгі журналистиканың жағдайы жайлы:

Қазір журналистер жеңіл-желпі дүниелерге үйір. Тек болған оқиғаны айтып, жаңалықпен шектеліп жатырмыз . Аналитиканы, сараптаманы  көбейтіп, ой тастайтынактуалды тақырыптарды қозғауымыз керек. Көптің көкейінде жүрген мәселені көтеру керек. Біз әлі де оған жоқпыз”, – деп баға берді Ғалия Әженова.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
2
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:20

12:54

12:49

12:24

22:38

17:50

17:39

17:33

17:32

17:27

17:14

17:05

16:26

16:04

15:46

15:42

15:23

14:58

14:40

14:17

14:11

13:23

12:40

12:36

12:14