Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / “Ашық аспан астындағы кинокөрсетілім” жобасы баста...

“Ашық аспан астындағы кинокөрсетілім” жобасы басталды

Әлеумет 04.05.2025, 11:21 656
“Ашық аспан астындағы кинокөрсетілім” жобасы басталды
Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда "Ашық аспан астындағы кинокөрсетілім” жобасы өз жұмысын бастады деп хабарлайды aqshamnews.kz. Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, қала волонтерлерінің бастамасымен жүзеге асып жатқан бұл жоба – қала тұрғындары мен жастарына жаз мезгілін қызықты әрі пайдалы өткізудің таптырмас мүмкіндігі.

Ерекше форматтағы бұл бастама – қаладағы мәдени демалысты қолжетімді етіп қана қоймай, отандық киноиндустрияны насихаттау мен танымал етуге бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кинокөрсетілімдер Алматының барлық 8 ауданында апта сайын өтетін болады. Бұл – әр аудан тұрғындарына сапалы кинотуындыларды тегін тамашалауға жол ашатын тамаша мүмкіндік.

Жобаның ашылу кешінде сөз сөйлеген Алматы қаласы волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Бағдат Анарбаева кинокөрсетілімнің маңыздылығына тоқталып, бұл бастаманың қоғаммен байланыс орнатудағы рөлін ерекше атап өтті:

– Бүгін біз қала тұрғындары үшін ерекше атмосфера сыйлайтын “Ашық аспан астындағы кинокөрсетілімдерді” бастап жатырмыз. Бұл тек фильм көру ғана емес – бұл адамдар арасындағы байланыс, ашық диалог, мәдениет пен отандық өнерге құрмет. Енді әр апта сайын қаламыздың әр ауданында отандық фильмдерді көрермен назарына ұсынамыз. Волонтерлердің белсенділігі мен қоғамға пайдасы осындай жобалар арқылы одан әрі арта түседі деп сенеміз, – деді ол.

Кешке қатысқан көрермендердің де әсері ерекше. Жастар үшін мұндай іс-шаралар өзара танысуға, ортақ қызығушылық табуға, рухани байып, бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Кешке алғаш рет қатысқан қала тұрғыны, студент Айзере Қали былай деп пікір білдірді:

– Мұндай іс-шаралар – біз секілді жастар үшін үлкен мотивация. Біріншіден, отандық киноны қолдаймыз, екіншіден, табиғат аясында, ашық аспан астында уақыт өткізу – ерекше әсер сыйлайды. Мен бүгін өзім үшін жаңаша эмоция алдым. Осындай форматтағы мәдени кештер жиі өтіп тұрса екен, – дейді Айзере.

Айта кетейік, Алматы қаласында жыл сайын жастарға арналған 1000-нан астам экологиялық, мәдени, спорттық және білім беру бағытындағы жобалар жүзеге асырылады. Бұл бастамалардың барлығы – жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, оларды қаланың мәдени-қоғамдық өміріне тартуға және бос уақытын қызықты өткізуге арналған.

«Ашық аспан астындағы кинокөрсетілім» – сол жобалардың жарқын үлгісі. Ол тек көңіл көтеру ғана емес, ұлттық киноны дәріптейтін, көрермен мен өнер арасында рухани көпір орнататын әлеуметтік-мәдени бастама болып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #Кино
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Әуезов ауданында сауда көлемі бірінші тоқсанда 20%-ға өсті

Бүгін 12:04

Алматының Әуезов ауданында биыл 7,4 мың қызмет көрсетілді

Бүгін 12:02

Алматының Әуезов ауданындағы 2026 жылға арналған жобалар

Бүгін 11:58

Алматының Әуезов ауданында күн сайын 700-ден астам қызметкер тазалықты қамтамасыз етеді

Бүгін 11:56

Әуе толқынында – «Шалқар» радиосы!

Бүгін 11:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика