Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақ ақынының поэмасы әзербайжан тіліне аударылды

Қазақ ақынының поэмасы әзербайжан тіліне аударылды

Мәдениет 27.03.2025, 16:35 596
Қазақ ақынының поэмасы әзербайжан тіліне аударылды
almaty-akshamy.kz

Ақын Саят Қамшыгердің «Қарабақ» атты көлемді поэмасы әзербайжан тіліне аударылып, Баку қаласындағы «CN-Poliqraf» баспасынан кітап болып шықты. «Қарабақ» поэмасы – бауырлас ел Әзербайжанның тарихы мен мәдениетін, Қарабақтың азаттық пен ерлік жолын, батырлардың қаһармандығын, түркі халықтарының бірлігін жырлайтын ерлік дастаны. Кітап Әзербайжандағы «Аймақтық құқықтық және экономикалық ағарту» қоғамдық бірлестігі мен Дүниежүзілік Жас Түрік Жазушылар одағының бірлескен бастамасымен жарық көрді. Бұл поэма – қазақ пен әзербайжан халықтарының бауырластығы мен достығының поэтикалық көрінісі.

Ақын бұл поэманы жазарда екі жыл ізденіп, зерттеп, көп кітаптар оқып, интернеттегі материялдарды саралап барып жазғанын айтады. Саят Қамшыгер бірнеше рет Әзербайжанға арнайы барып, снарядпен атқыланған жерлерді өз көзімен көріп, әскерилермен кездескен, шейіт болған жауынгерлердің отбасымен сөйлескен. Құрбан болған сарбаздардың зиратына зиярат еткен.  Қарабақта шейіт болған қазақ батыры Ербол Барымбетовтің інілерімен, ұстаздарымен, достарымен әңгімелескен. Ақын осындай ізденістерден кейін поэманы екі айда жазыпты. Поэманың жазылуына рухани қолдау көрсеткен марқұм, Әзербайжан Милли Мәжілісінің депутаты, Мәдениет комитетінің төрайымы,  әзербайжан халқының ардақты қызы Ганира Пашаеваның еңбегін атап өткен жөн.

Бұл поэма алдымен 2023 жылы «Таң-Шолпан» журналының 5-санында жарияланған. «Әдебиет порталына» да шықты. Қазақ ақынының поэмасын әзербайжан тіліне танымал ақын, журналист Елшан Әзім аударды. Редакторы ақын, профессор Расмия Сабыр болды. Жобаның жетекшісі – ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әкбар Қошалы. «Аймақтық құқықтық және экономикалық ағарту» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Арзу Бағырова поэманың алғысөзін жазған. Кітаптың сарапшылары – Дүниежүзілік Жас Түрік Жазушылар одағының төрағасы Интикам Яшар мен Тариел Ахмедов. Үйлестірушілері – Нилуфәр Ләтиф пен жазушы Етибар Мұрадханлы, кітаптың дизайнері – Жасарат Қасымов.

Қазақ ақынының әзербайжан тіліне аударылып, кітап болып шыққанын бауырлас Әзербайжан елінің сайттары мен басылымдары жарыса жазып, ақпарат беріп жатыр. Алдағы уақытта Қазақстанда да, Әзербайжанда да поэманың тұсаукесері, таныстырылымы, автордың қатысуымен оқырмандармен кездесу, әдеби, қоғамдық іс-шаралар өтеді деп жоспарлануда. Бұл поэманың туыс халықтар арасындағы әдеби байланыстың нығаюына үлес қосары сөзсіз. Бұл қуанышты хабар Түркі әлемінің ынтымағы мен бірлігі үшін маңызды оқиға болып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#поэма #Қарабақ #аударма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика