AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Намысты емес, махаббатты таңдадым". Декреттегі әк...

"Намысты емес, махаббатты таңдадым". Декреттегі әкенің ақжарма әңгімесі

Әлеумет 19.05.2025, 14:35 674
"Намысты емес, махаббатты таңдадым". Декреттегі әкенің ақжарма әңгімесі
сурет: кейіпкердің жеке архивінен

Елімізде ер адамдар да декреттік демалысқа шыға алады. Бұл мүмкіндік заң жүзінде 2008 жылдан бері қарастырылған. "Бала күтімі - тек ананың міндеті" деген қағиданы бұзған азаматтар саны қанша? Олар декреттік жәрдемақы ала ма? Декретке шыққан әкелердің өмірі жайлы Аqshamnews.kz тілшісі материалда тарқатады. 

Еламан Қонысбек - декретке шыққан әке. Ол Астана қаласындағы әуежайда әуе диспетчері болып жұмыс істейді. Жұбайы Әсем екеуі Кәусар есімді қыздың ата-анасы. Еламан Қонысбек жұбайының жұмысына байланысты АҚШ-тағы, Бостон қаласына көшіп, қызы - Кәусардың бір жарым жасынан бастап бала күтімімен айналысып отыр. Ал келіншегі Әсем - Гарвард медициналық мектебінде ғылыми қызметкер әрі постдокторантурада оқуын жалғастырып жатыр. 

"Декрет - демалыс емес"

Еламан мырза декреттік демалысқа шығу туралы шешімді қалай қабылдағаны жайлы әңгімелеп берді. Оның сөзінше, "декреттік демалысты" демалыс деп атауға келмейді. Ол бала күтімімен отырған әйелдерді ерекше түсінгенін айтты. 

"АҚШ-тан жұбайымның жұмысы бойынша шақырту түсіп, бас тартуға болмайтынын түсіндім. Оған қолдау білдіріп, "қызымызды өзім қараймын" деп, декреттік демалыс алдым. Негізі декреттік демалысты, "демалыс" деп атауға келмейді. Бала күтімі де үлкен жұмыс екен. Күні бойы бала бағып отырған әйелдердің өмірін енді түсініп жатырмын. Бұл нағыз - ерлік!" дейді Еламан мырза. 

Декреттегі әкенің бір күні қалай өтеді?

Еламан мырза декреттік өмірінің қалай өтіп жатқанын айтып берді. Ол қызы Кәусар екеуінің әр күні бір-біріне ұқсамай, ерекше өтетінін айтты. 

"Қызымыз екеуміз ерте 6-да тұрамыз. Таңғы асымызды ішіп, жұбайымды жұмысына шығарып саламыз да таңғы серуенге кетеміз. Бір күні кітапханаға, бір күні концертке, бір күні саябаққа барамыз. Мұнда біз секілді бірнеше қазақ отбасы бар. Солармен әңгіме-дүкен құрамыз. Үйге келіп түскі ас дайындаймыз. Түстен соң демалысқа да уақыт табамыз. Ал кешке анамызды жұмыстан күтіп алып, бәріміз бірге мәре-сәре болып кешкі ас ішеміз" дейді декреттегі әке. 

Еламан мырзаның сөзінше АҚШ-та ер адамдардың декретке шығуын қалыпты жағдай ретінде қабылдайды. Ал Қазақстандағы туысқандары басында қатты таңғалған. 

"Мен декретке шыққанымды намыс санамаймын. Бұл ісімді бір ерекшелеп мақтан да тұтпаймын. Себебі бұл жай ғана - отбасылық қолдау. Кез келген ер адам отбасына, жарына қолдау көрсету керек" дейді Еламан мырза. 

"АҚШ-тағы бір айлық балабақша құны - 3000$"

Еламан Қонысбек Америкада бала тәрбиелеу, жалпы баланы өмірге әкелу үлкен жауапкершілік, әрі оңай іс емес екенін айтты.

"АҚШ-та баланы өмірге әкелу оңай іс емес. Ересек жандардың да шығыны оңай қаржы емес. Ал балабақшаға балаңды бергің келсе ай сайын 2500-3000 доллар төлеуің керек. Мемлекеттік балабақшалар да бар. Бірақ ол жақта да кезек жүйесі бар. Біз де кезекке тұрып қойдық, бірақ ол кезек қызымыз мектеп бітіргенде бір-ақ келуі мүмкін. Өйткені мемлекеттік балабақшадан үміттенетіндер көп" дейді Еламан мырза. 

"Отбасында ең маңыздысы - махаббат"

Декреттегі әке отбасы үшін екі адам да бірге ат салысу керектігін, берік отбасының негізгі қағидалары жайлы ойын айтты. Ол декреттік өмір бастапқыда қиынға соққанын,  қиындықтарды қалай еңсергенін әңгімеледі.

"Бала тәрбиесі - тек әйелдің жүктемесі емес. Бала ортақ болғандықтан, тәрбие де ортақ болуы керек. Декреттік өмір әрине бастапқыда қиын болды. Десе де адамның шын ниеті болса үйренуге болады. Себебі, отбасындағы ең маңызды нәрсе - махаббат. Махаббат болса бәрін жеңуге болады. Жұбайым екеуміздің арамызда түсініспеушіліктер болмайды емес, болып тұрады. Тек ондай жағдайларда сабырмен, "мен, сен" деп бөлмей, асықпай, ашық сөйлесіп еңсеруге болады" дейді Еламан мырза. 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Декрет #декреттегі әке #отбасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Кеше 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Кеше 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Кеше 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Кеше 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Кеше 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика