«МЕН, ӨЗГЕ ЖӘНЕ ӨЗГЕСІ»: Ибраһим Калынның кітабы қазақ тілінде жарық көрді

«МЕН, ӨЗГЕ ЖӘНЕ ӨЗГЕСІ»:  Ибраһим Калынның кітабы қазақ тілінде жарық көрді Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Түркиялық ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Ибраһим Калынның танымал еңбегі қазақ тілінде жарық көрді деп хабарлайды almaty-aqshamy.kz.


Түрік дүниесіне аты белгілі автордың Ислам мен Батыстың қарым-қатынас тарихына шолу жасаған «Мен, өзге және өзгесі» атты еңбегі қазақстандық оқырмандарға жол тартты.


Аталған кітаптың таныстырылымы бүгін, 30 қараша күні Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйінде өтті. Оған Қазақстан мен Түркияның дипломаттары, ғалымдар мен зерттеушілері, зиялы қауым өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты. Қатарында Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мүддерисоғлу, Қ.А.Яссауи универстеті Өкілетті кеңесінің төрағасы Мұхиттин Шімшек, Еуразия Ғылыми-зерттеу иниститутының директоры Суат Бей


Доктор әрі профессор И.Калынның бұл еңбегі Ислам мен Батыс әлемнің 14 ғасырлық өзара қарым-қатынасына шолу жасай отырып, бір-біріне ықпал етуші екі әлемде қалыптасқан көзқарастарды бағалауға бағытталған. Былайша айтқанда үнемі кереғар, бір-бірін «жоққа шығарушы» саналатын екі кеңістіктің шын мәнінде ұзақ тарих бойында ұдайы әсерлесіп, бір тарап келесі тараптың өзін тануына ықпал етіп отырғанын сенімді дәлелдермен түсіндіруге тырысқан.


Кітаптың таныстырылымы кезінде автор Түркиядан видео-сәлемдеме жолдады. Онда өз еңбегін қазақ оқырмандарына жеткізуге еңбек еткен ғылым ордасына рахмет айтты. Сондай-ақ, еуроцентристік көзқарастан ада тұрып, Ислам мен Батыс өркениетінің тарихына жаңа көзқарас орнатуға болатынын осы кітап арқылы қазақ оқырмандарына жеткізгісі келетінін айтты.


Аталмыш ауқымды ғылыми еңбекті қазақ тілді аудиторияға жеткізуге себеп болған Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-не қарасты Еуразия Ғылыми-зерттеу институты екенін айрықша атай кеткен жөн. Аталған ғылым ордасы бұған дейін де дәл осындай ауқымды әрі салмақты еңбектерді қазақ тіліне аударып келеді. И.Калынның бұл еңбегі институт тарабынан шығарылған 38-ші кітап болды.


600 беттен асатын, 10 тараудан тұратын ғылыми еңбекті қазақ тіліне аударған аталған институтының аға ғылыми қызметкері Өмірбек Қанай. Таныстырылым кезінде ол кітапты қазақ тілді ғылыми ортаға барынша түсінікті жеткізуге күш салғанын, әрі орыс тілінің әсерінде бұрмаланып жүрген ғылыми атауларды барынша түп нұсқасында беруге тырысқанын жеткізді. Ө.Қанай көлемді еңбекте қамтылған тақырыптардың әр алуандылығына байланысты кейде әдеби аударма жасауға тура келгенін, сондықтан ондағы байырғы жыр-дастандарды қазақтың поэзия тілінде жеткізуге күш салғанын да айтады.


 Ибраһим Калын – түрік ғалымы, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат. Ислам тарихы, Батыс пен Ислам әлемі қарым-қатынасы, Түркияның сыртқы саясатына қатысты бірқатар ғылыми еңбектердің авторы. Түркия Республикасы Президентінің ресми өкілі, Президент жанындағы Қауіпсіздік және сыртқы саясат комитеті төрағасының орынбасары және Президенттің Бас кеңесшісі төрағасының орынбасары сынды бірқатар лауазымды қызметтер атқарған. Биыл мамыр айынан бастап Түркияның Ұлттық барлау қызметінің басшысы қызметін атқарып келеді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:28

19:50

19:04

18:48

18:02

17:16

17:11

16:56

15:49

15:29

15:00

13:56

13:41

13:37

13:11

11:20

11:04

10:42

09:58

09:35

09:05

08:47

08:03

17:03

16:05