Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Көк шайдың пайдасы мен зияны қандай?

Көк шайдың пайдасы мен зияны қандай?

Керек кеңес 01.03.2022, 09:25 7,961
Көк шайдың пайдасы мен зияны қандай?
Сурет: Gastronom.ru

Бұл шайдың қасиеттері жайлы диетолог маман айтты. Қан қысымы төмен адамдарға бұл сусынды байқап ішкен жөн.


Көк шайды дәмі мен пайдасы тамаша үйлесім тапқан сусын деп атайды. Бірақ бұл көк шайдың адам денсаулығы үшін әсте зиянсыз екенін білдірмейді. Мәселе ағзаның ерекшеліктері мен түрлі «гастрономиялық жағдайлары» жөнінде. Денсаулыққа алаң болмау үшін, көк шайды қалай тұтыну керектігін РЕН-тв-ға берген сұхбатында диетолог Дарья Русакова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі.


Маманның айтуынша, көк шайдың пайдасы жайлы бәрі біледі. Бұл сусынның тиімді әрі оң пайдасы - оның құрамындағы дәрумендер мен танинде, антиоксидантты қасиеттерге ие екендігінде, қатерлі ісіктен қорғайтындығында, ағзадан токсиндерді шығарады, тонусты сақтайды, несеп айдайтын, т.б қасиеттерге ие.



 «Көк шай тамақты тым тоя жеуге бейім адамдардың тәбетін реттеуге жақсы әсер етеді. Көк шайды тамақтану уақыттарының арасында ішсе болады, бұл тәбетті аздап басады», - деді Русакова.



Көптеген адамдар салауатты өмір салтын сақтамайды, дұрыс тамақтанбайды, алкоголь тұтынып, темекі тартады, ал көк шайды әмбебап дәрі ретінде қарайды.



 «Шын мәнінде, бұл олай емес. Көк шай өздігінен – пайдалы өнім, бірақ ол барлық артық-тұртықтың орнын толтырмайды», - деп нақтылады диетолог.



Зияны


Кейбір адамдарға басқа өнімдер жақпауы мүмкін. Сол сияқты көк шай мен қара шайды да ағзалары қабылдай қоймауы ықтимал. Кофеин есебінен бұл сусын жүйке жүйесіне әдеттегідей әсер етеді, сол себепті оны кофемен және алкогольмен араластырмаған жөн. Бұл шай кей адамдарды тыныштандырса, басқаларының жүрек қағысын жылдамдатып жіберетін қасиетке ие.



«Кешкі уақытта шай ішіп алған кейбір адамдардың ұйқысы бұзылады. Сұйықтықты шығару мақсатында көк шайды жиі ішу гипотензивті әсер береді, яғни, қан қысымы түседі», - деп атап өтті Русакова.



Қан қысымы жоғары адамдар шайдың бұл қасиетін бағалайды, алайда, керісінше, қан қысымы төмен адамдар өздерін нашар сезінулері мүмкін.


Көк шайдың дұрысын қалай таңдау керек?


Егер шай пестицидтер мен түрлі тыңайтқыштар қолданылмайтын плантациялардан жиналған болса, оның пайдасы да мол болмақ. Алайда шай жапырақтары өсіп, оны тасымалдау кезінде ластану мәселесі бар.



«Сонымен қатар, көптеген жалған өнімдер бар. Ондай өнімдер зиянын тигізіп, аллергиялық реакция тудыруы ықтимал», - деп ескертеді маман.



Сатып алушы адам үнемі өнімнің қаншалықты жалған немесе шынайы екенін көзбен көріп анықтай алмайды. Сол үшін Дарья Русакова әбден тексерілген сенімді маркалардан алуға кеңес береді. Шай жапырақтары тұтастай болуы қажет. Егер жапырақтары ұсақталған және пакеттелген болса, оның сапалы болуы екіталай.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көк шай #дәрігер #пайдасы мен зияны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика