ffin.kz

«Кемпірқосақ» қалай пайда болады?

«Кемпірқосақ» қалай пайда болады? Almaty-akshamy.kz. 

Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде құрамдас бөліктерге бөлінуінің және тамшы бетінен шағылған толқынның әртүрлі сәуле кедергілеріне ұшырап дифракциялануы нәтижесінде пайда болады. Кемпірқосақтың айқындығы жаңбыр тамшыларының үлкен-кішілігіне байланысты өзгеріп отырады. Тамшы үлкен болса кемпірқосақ айқын, жарық болып көрінеді. Кейде алғашқы кемпірқосақпен бірге екінші кемпірқосақ қабаттаса көрінеді, оны қос кемпірқосақ деп атайды...

Қазақтың тұлғасы күрделі сөзінің бірі – «кемпірқосақ». Оған «кемпір» мен «қосақтың» не қатысы бар, деп кейде ойға да қаласың. Әйтсе де, мұнда көне аңыз-әфсана мен мифтің қатысы бар екені байқалады. Ш.Уәлихановтың жазбаларына сүйенер болсақ, «аспанда тұратын қазақтардың» арасында өте бай кемпір бар екен. Кемпірқосақ – сол бай кемпірдің қосағындағы әртүсті қойлары-мыс. Сол кемпір қойларын ылғи да жауыннан кейін сауады екен. Тағы бір зерттеуіне үңілсек, кемпірқосақ – кемпірдің қосағы. Қойды екі жағынан жіптің ілгегіне, жерге байлап қойған. Қосақ – түрлі-түсті қой, жаңбыр жауған соң кемпір оларды сауып алады.

«Бабалар сөзі» жүзтомдығында бейне жер бетіндегі қазақ қауымы сияқты аспандағы адамдар да малын бағып, қойын сауып, көшіп-қонып жүреді. Жаңбыр жауып, ашылған кезде көктегі елдің кемпірлері де қойларын қосақтап, сауып отырады. Соның үшін ол «кемпірқосақ» деп аталған дейді. Сөз мағынасы кез келген қазаққа түсінікті. Ал сөз төркіні қайдан шықты деген мәселеге келсек, бірен-саран автордың аңызға сүйенгенін, тұспал, долбарын аңғарамыз. Авторлардың тағы бір тобының жазуынша, араб, парсы сөздері де енген сияқты.

Айталық, тіліміздегі «кемпірқосақ» сөзінің соңғы сыңары (қосақ) қайдан пайда болғандығына тоқталсақ, араб тіліндегі «кузах» – бізге ауысқанда «қосақ» қалпына дейін өзгерген көрінеді. «Кемпірқосақ» ұғымы ұлттық мәдениетімізден орын алған. Ұлтымыздың кесте тігу өнерінде рет-ретімен орналасатын түрлі-түсті бірнеше жолақтан тұратын ою-өрнектің түрі «кемпірқосақ» деп аталады. Халқымыздың танымында «Түсіңде кемпірқосақ көрсең – ұнамды хабар естірсің» деген де сенім бар. Ал ырым бойынша, қысты күні кемпірқосақ көрінсе, жыл құтты, ел тыныш, мал төлді, өнім мол, тіршілік жайдары болады деген сөз. Ол туралы бабаларымыздың шешендік толғаммен айтқаны да көп. Мысалы, Қазыбек би: «Күн күркіреп жауғанда, ел дүрлігіп сасатын, құлақтарын басатын. Сонда күн күркірі шақырым жерден жететін. Кемпірқосақ құрылып, аспан мен жерді табыстырып кететін...» деген екен. Жаңбыр қанша жауып, нөсер қанша құйса да, аяғында тоқтайды. Көк жүзінде кемпірқосақ керілсе, жауынның толастағаннының белгісі.

Бүгіннен бастап «Бас шілде» амалы басталды. Ол шілденің он бесінші жаңасына дейін жалғасады. Пайым бойынша, амал кезінде ауа райы жауын-шашынды болып, тасқын апаты  (сел)  көрініс береді. Малшылар киіз үйдің маңайынан арық қазып, тасқын апатынан  (селден) сақтанған, диқандар кепешпен өлшеп аздаған тарыларын егетін болған.

Осы 40 күндік аптапты бұрынғылар «Ұлы шілде» деп атаған. Шілденің аңызақ, аптап күнін – «күн шіліңгір» деген. Шілде айында амал, табиғи кұбылыс көп: Таразы (нарық) жұлдызы туады, таң суый бастайды...

 

 Бабалар болжамы

Шілде айының екінші он күніне жасалған жорамал:

 *Көкек шақыруын тыймаса, жаз ұзаққа созылады;

*Ағаш жапырақтары сарғая бастаса – күз бен қыс ерте түседі.

*Масаның азаюы, ауа райының ыстық болатынының белгісі.

 *Бұлтты күндер жиі болмақ. «Бұлттан шыққан күн ащы» деген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
1
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32