Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Кәсіби біліктілік – еңбек нарығындағы басымдық

Кәсіби біліктілік – еңбек нарығындағы басымдық

Әлеумет 07.04.2025, 11:23 840
Кәсіби біліктілік – еңбек нарығындағы басымдық
aqshamnews.kz

Қазір жылы кеңседе отырып жұмыс істегенді немесе ақшалы кәсіпкер болғанды қаламайтын жан жоқ. Бірақ күнделікті тіршілігіміздің әрін келтіріп отырған қарапайым еңбек адамдарының еңбегін де дәріптеп, бағалап, жұмысшы мамандықтарына да бір сәт мойын бұрған абзал. 

Мемлекет басшысы жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау қажеттігін алға тартты. Иә, жұмысшы мамандықтар әрқашан сұранысқа ие болып қала береді. Техникадағы автоматтандыру жүйесінің дамуына қарамастан, автомеханик, автоэлектрик, тігінші сияқты бірқатар мамандық машиналар алмастыра алмайтын арнайы білім мен дағдыларды, ой-сананы қажет ететіні сөзсіз.

Алматы технология және флористика колледжіндегі білікті мамандар да студенттердің сапалы білім алуына, олардың таңдаған мамандықтарын толыққанды игеріп шығуына үлес қосып жүр. Ол үшін ұстаздар заман көшінен қалмай, өзінің де білімін жетілдіруге ынталы. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлау, студенттердің құзыреттілігін арттыру мақсатында 2023-2024 оқу жылында 10 педагог Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен Германия, Қытай, Италия, Нидерландия мемлекеттерінде, ал биылғы оқу жылында 6 мұғалім Түркия мен Оңтүстік Корея республикасының оқу орындарында халықаралық тағылымдамадан өтіп, кәсіби біліктілігін арттырып келді.

Жуырда шаһарда Халықаралық тағылымдамадан өту бағдарламаларын жүзеге асыру аясында қалалық семинар өтті. Оған аталмыш колледж педагогтары да қатысып, шетелден көрген, білген, үйренгенін ортаға салды. Мәселен, Оңтүстік Кореяның Кэмхе қаласындағы Кукче технологиялық институтында тағылымдаман өтіп келген колледж директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Аян Нұрғалиев пен өндірістік оқыту шебері Диана Омарова «Қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, оқу-өндірістік процестерді ұйымдастыру» бойынша жиған білімімен бөлісті. Ал жиһаз өндірісі мамандығы бойынша өндірістік оқыту шеберлері Алмаз Шарипов пен Аида Болатова түркиялық әріптестерінен алған озық тәжірибесін ортаға салды.

 

·Тақырыпқа орай

 

Анар ШАРИПОВА, «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері:

 

Жылда 400-дей маман оқытып шығарамыз

 

Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлауда біздің Алматы технология және флористика колледжінің үлесі салмақты. Жыл сайын 400-дей жұмысшы мамандығын оқытып, еңбек нарығына қажет білікті мамандар оқытып шығарамыз. Біз, әріптесім Дания Адан екеуміз Түркия мемлекетінің Денизли қаласындағы іргелі Достек колледжінде ұйымдастырылған тағылымдамадан өттік. Түрік бауырларымыз қазіргі заманғы технологияларды, тұрақты тәжірибені және киім-кешек саласындағы білім беру тәсілдерін зерттеу бағытындағы тәжірибелерін бөлісті. Біз де қарап қалмай, өзіміздегі жетістіктерді, студенттерді оқытудағы тың жобаларымызды айттық. Болдым, толдым деген адам өспейді. Біз елдің ертеңін жасайтын білікті мамандар дайындап шығару үшін жақсыны үйренуден, үйретуден жалықпаймыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #білім #Кәсіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика