Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Batyl Bol – батыл бастама: тегін қазақ тілі курсын...

Batyl Bol – батыл бастама: тегін қазақ тілі курсын ашқан Алексей Скалозубов

Әлеумет 08.12.2025, 15:32 451
Batyl Bol – батыл бастама: тегін қазақ тілі курсын ашқан Алексей Скалозубов
Сурет: «Batyl Bol» ресми парақшасынан

Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығы қызметкерлері «Batyl Bol» қазақ тілін үйрету орталығына барып, жоба негізін қалаушы Алексей Скaлозубовпен кездесу өткізді. А.Скaлозубов қазақ тілін қалай үйренгенін және клубты құру идеясы қайдан келгенімен бөлісіп, жеке қызығушылығын қоғамдық маңызы бар бастамаға айналдыру жолын баян етті.

Қазақ тілін үйретудің еркін әрі тегін форматы бүгінгі қоғам үшін нағыз қажет құбылыс. «Batyl Bol» тіл клубы Алматыдағы жүздеген адамның тілдік дағдысын дамытып, қазақша сөйлейтін үлкен қауымдастық құруға атсалысып жүрген тіл орталықтарының бірі. Жоба негізін қалаған Алексей Скалозубовтың басты мақсаты – қала тұрғындарына қымбат курсқа жазылмай-ақ, ыңғайлы уақытта мемлекеттік тілді меңгеруге мүмкіндік беретін ашық алаң құру.

Бұл бастама қалаға жаңа келген жас студенттің ізденісінен туған. Алматыға алғаш келгенде ағылшын тіліндегі тегін сөйлесу клубтарына қатысып, небәрі алты айда еркін сөйлеп кеткен Алексей Скалозубов сол тәжірибені қазақ тіліне бейімдеуді ойлайды. Осылайша, 2022 жылдың 15 сәуірінде алғашқы қазақша сөйлесу клубы ашылды. Клубқа екі күн ішінде 300-ден астам адам тіркеліп, жоба тіл үйренушілер арасында үлкен сұранысқа ие болды.

Алексейдің айтуынша, сапалы тілдік ортаны қалыптастырудың өз шарты бар. Тұрақты оқытушылар, жүйелі сабақ және мақсатты аудитория. Қатысушылардың басым бөлігі – 25 пен 35 жас аралығындағы жастар. Дегенмен клубқа оқушыдан зейнеткерге дейінгі түрлі аудитория қатысады. Сонымен қатар «Batyl Bol» клубында Қазақстанның әр өңірінен жиналған түрлі ұлт өкілдері бас қосады. Тіпті Ресей мен АҚШ-тан келген шетел азаматтары да бар. Бірақ бәрін біріктіретін бір-ақ нәрсе – қазақ тілін үйренуге деген ықылас.

Алексей тіл үйренуге ең үлкен кедергі – тәртіп пен тұрақтылықтың жетіспеуі екенін айтады:

-          Алдымен, тәртіп. Көп адам қазақ тілінде еркін сөйлегісі келеді, бірақ үйренгісі келмейді. Қыркүйек айында оқу курсына 150 адам тіркелсе, 30 адам сөйлесу тобына қосылған. Қазір дисциплинасы мықты 70 адам қалды. Нәтиже тек дисциплина мен еңбек бар жерде шығады.

Сабақтардың мазмұны күнделікті өмірге негізделген: тұрмыстық жағдаяттар, қатысушылардың қызығушылықтары, жеке тәжірибелер. Мұндай формат тіл үйренушілердің өздерін еркін сезініп, қазақ тілін табиғи ортада тез қолданысқа енгізуіне жол ашады. Алексейдің өзі аптасына үш рет клубқа келіп, қатысушылармен бірге әңгімелеседі. «Қазақша сөйлеген, пікір алмасқан өзіме қызықты. Басы-қасында болу өзім үшін де үлкен қуаныш», – дейді ол.

Клубтың жұмысына KIMEP университеті ғимарат ұсынып, Kaz Minerals компаниясы демеушілік көрсетіп келеді. Қазір «Batyl Bol» аптасына үш рет офлайн сабақ өткізеді. Топтар саны көбейген. Курс тек офлайн форматта, себебі Алексей тілді тек табиғи тілдік ортада, тікелей қарым-қатынас арқылы үйренуге болады деп санайды.

Бүгінде клуб Алматыдан бөлек Астана, Ақтау және Орал қалаларында да өз филиалдарын ашқан.

«Batyl Bol» – еркіндік пен ынтаның, азаматтық жауапкершілік пен тілге деген құрметтің нәтижесінде туған жоба. Бастама қазақ тілін үйренуге ниетті әр адам үшін үлкен мүмкіндік беретін алаң.

Кездесу нәтижесінде Қоғамдық даму орталығы базасында қазақ тілінде тегін сөйлеу дағдыларын дамыту орталығын ашу туралы келісім жасалды.

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақ тілі #тегін #курс #үйрету
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі