AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы циркінің жас артисі Әли Салаватов әлемдік а...

Алматы циркінің жас артисі Әли Салаватов әлемдік аренада үздік үштікке енді

Барлығы 08.12.2025, 17:43 981
Алматы циркінің жас артисі Әли Салаватов әлемдік аренада үздік үштікке енді
Алматы әкімдігі

Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Қазақ мемлекеттік циркінің жас талантты өнерпазы, цирк әулетінің жалғастырушысы, Ж.Елебеков атындағы РЭЦК студенті, 16 жастағы Әли Салаватов Ресейдің Тула қаласында өткен «На языке мира» V Халықаралық балалар мен жастар цирк өнері фестивалінде қола жүлде алды. 

Аталған фестиваль әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жас артистердің шеберлігін көрсететін маңызды халықаралық алаң. Іс-шараға жонглерлер, акробаттар, сайқымазақтар, эквилибристер және цирк өнерінің басқа да бағыттары бойынша көптеген елден дарынды қатысушылар жиналды. Биылғы фестиваль манежде 200-ден астам жас өнерпазды біріктірді.

Әлидің «Еденге соқпалы доптармен жонглёрлік өнер» атты көркем нөмірі қазылар алқасы мен көрермендерді ерекше шеберлігімен, орындау дәлдігімен және жарқын энергиясымен баурап алды. Фестивальдегі жоғары бәсекелестік деңгейі бұл жетістіктің құндылығын одан әрі арттырып, жас артистің талантын айқын көрсетті.

«Мен үшін бұл жеңіс – жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан ерекше сәт. Қолдаған ұстаздарыма, ұйымдастырушыларға және жанкүйерлерге шын жүректен алғыс айтамын. Алдағы уақытта бұдан да биік асуларды бағындыруға ұмтыламын», - деді жас артист.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Цирк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі

Кеше 18:15

Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды

Кеше 18:00

«Таза Қазақстан»: Алматыда «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқауларының жеңімпаздары анықталды

Кеше 17:52

Жыл соңына дейін eGov GPT арқылы 150-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсету жоспарланып отыр

Кеше 17:45

Жазыл да ұтып ал!

Кеше 17:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);