ffin.kz

«Журналист мамандығын өзгертті»

«Журналист мамандығын өзгертті» Сурет: www.egov.kz

Пресс-тур ұйымдастырылды


Алматыда «Аэропортовское» көлінде «Журналист мамандығын өзгертті» атты оқу-жаттығулары өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



19 мамыр Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі Республикалық жедел құтқару жасағымен бірлесе отырып, сүңгуірлерді оқу жаттықтыруға арналған пресс-турын ұйымдастырды.


Шара барысында журналистер бір күнге мамандықтарын ауыстырып, сүңгуір-құтқарушылардың  киімдерін киіп, барлық қиыншылықтарды басынан өткізді.


Республикалық жедел құтқару жасағы судағы қайғылы оқиғалардың алдын алудың қалай жүргізілетінін түсіндірді. БАҚ өкілдеріне сүңгуір-құтқарушылардың түрлі сүңгуір жабдықтарын пайдалана отырып, құтқару және эвакуациялау, барлау және сүңгуір жұмыстарын орындау үшін арнайы дайындықты қалай жүргізетіні жанжақты көрсетті.


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел құтқару жасағы сүңгуір-құтқару жұмыстары бөлімінің бастығы Андрей Быбченко мұндай оқу-жаттығулар жыл бойы өтетінін және құтқарушылардың физикалық дайындығын сақтау үшін оқу- жаттығулары қажет екенін атап өтті.



"Оқу-жаттығу, сүңгуірлік түсу - жыл бойы және жүйелі түрде өтеді. Сондықтан, бізде жігіттер үнемі физикалық формада, су асты түсулері үшін жоғары қысымға бейімделеді, жабдықтармен және топтық жұмыс істеуге бейімделеді. Қазір шомылу маусымы өте өзекті, сондықтан жаттығулар үнемі қажет. Мұнда біз тек сүңгуірлік түсулерді ғана емес, құтқару жолдарын, қайықтан әрекет етуді де пысықтап жатырмыз", - деп бөлісті ол.



Спикер суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде әр секундтың маңызды екенін айтады. Сондықтан құтқарушылар әрқашан өте жоғарғы деңгейдегі дайындықта жүреді.



"Құтқару сәтінде уақытылы жағдайды көру маңызды, өйткені бәрі батып бара жатқан адам қатты айқайлайды деп ойлайды, бірақ олай емес, ол үнсіз батып кетеді. Құтқарушылар әрқашан бақылауда болады және бинокльмен жабдықталған. Олар адамның батып бара жатқанын көрсе, тез арада қайықпен жүзіп, оқиға орнына барады. Қайық тоқтамайды, құтқарушы одан секіріп, батып бара жатқан адамға тез жүзіп барып, қайыққа көтеріп, көмек көрсетеді", - деді А.Быбченко.



Әрі қарай құтқарушылар құтқару жұмыстарынның қалай жүзеге асырылатынын, суға батып бара жатқан адамды судан қалай дұрыс шығару керектігін көрсетті.  Сонымен, адамның суға батып бара жатқанын байқап, құтқарушы сүңгуірлер сол бағытқа қарай бет бұрады. Бұл ретте, қайық зардап шеккен адамға жақын келмейді, өйткені қайық жасаған толқын су бетінде тұрған адамды жауып тастауы мүмкін. Осы уақытта құтқарушы суға секіріп, батып бара жатқан адамның арқасынан келеді, оны шығарып алады және көмек көрсету үшін жағаға тасымалдайды.


Құтқарушылар жұмысындағы ең қиын сәт - командалық жұмыс екенін айтты. Суға түсе отырып, сүңгуірлер құрлықтағы басқаларға жіпті тарту арқылы арнайы сигналдар береді, осылайша олар Морзе коды бойынша өзара байланысады.


Сондай-ақ құтқарушылар арнайы техниканы, киім-кешектерді көрсетіп, сүңгуірдің суға түсуін көрсетті.



"Иә, бізде қазір сүңгуір жабдықтардың 2 түрі болады, бұл желдетілетін скафандр - ол ауыр жабдық. Бұл бізге ағынды суларда, мұнай өнімдерінде және химиялық ластанған суда жұмыс істеу үшін қажет. Жабдықтың екінші түрі суда. Техникалық жұмыстарда, іздеу жұмыстарында кеңінен қолданылады. Көбінесе таза су астындағы құтқару жұмысында", - деді А. Быбченко.


Кадрларға келетін болсақ, мамандар отрядтың өзінде дайындалады. Бөгде адам, бірақ құтқару жұмысына дайын болса да, олар құтқарушылар құрамында жұмыс істей алмайды, дейді сүңгуір-құтқару жасағының жетекшісі. Сонымен қатар, құтқарушы - бұл кең тарапты мамандық. Мәселен, РҚЖҚ жасағында барлық құтқарушылар сабақтас кәсіптерге ие. 
 
"Біз жасақтағы құтқарушыларды өзіміз дайындаймыз". Бізге құтқарушы жасағының құрамына адамдар келеді, физикалық мәліметтерге сәйкес, сұқбаттасудан өтеді. Содан кейін сынақ мерзімінен өтіп, біз дайындықты бастаймыз. Ол алдымен құтқарушы болады, содан кейін мамандық таңдау болады. Бірақ құтқарушы ол көпсалалы, ол кем дегенде бес мамандыққа ие болуы керек. Бұл химия, газ түтінінен қорғау, сүңгуір мен альпинист, кинолог, кәсіби жүргізуші. Бізде көптеген арнайы жабдықтар бар, қарда жүретін көліктер мен квадроцикл олардың барлығын басқара білу керек. Біз альпинистер, сүңгуірлер және химиктерміз. Мұнда мамандықтың барлық спектрі бар", - деді А.Быбченко.



Шомылу маусымы қашан басталады деген сұраққа құтқарушылар барлығы ауа райына және су деңгейінің тереңдігіне байланысты деп жауап береді.



"Биылғы жылы көктем сәл суық. Әрине, су біз қалағандай әлі қызған жоқ, көп нәрсе резервуардың тереңдігіне байланысты. Біз тау өзендерінен қуат алғандықтан, әрине, су суық болады. Қазір көлде судың температурасы 18 градус. Тек шомылу үшін ғана болмаса, мен мұны өте салқын деп айтар едім. Жаздың ортасына қарай ол 20-24 градусқа дейін жылынуы мүмкін, бұл жағалаудың айтарлықтай жылы болады деген сөз", - деп бөлісті спикер.



Сондай-ақ, құтқарушылар жабдықталмаған су айдындарында суға түспеуге кеңес береді. Адам аяғы көп баса бермейтін табиғи жағажайлар, онымен қоса, құтқарушылар мұндай аймақта болмауы мүмкін. Және де оқыс жағдай орын алса, құтқару жұмысы күрделенеді.



"Шомылуға болмайтын жағажайлар аса қауіпті. Себебі, құтқарушылар онда болмайды, онымен қоса керекті құрал-жабдықтар жоқ. Яғни, "Александрова" тәсілін құтқарушылар орындай алмайды. Суға батып бара жатқан адамға жіптің бір ұшын лақтырып, қарама-қарсы жағын өзіне қалдырады. Судың түбі несімен қауіпті? Сынған бөтелкелер, кабельдер, балық аулау торлары мен балдырлар бар тазартылмаған су қоймасы болады. Оларды атап айтпасаң да, өте қауіпті екені белгілі. Су қоймасының тереңдігі қаншалықты белгісіз. Жағалаудың ағысы қатты немесе таяз болады. Таяз жағалаулар қауіпсіз, бірақ егер жағалау қатты тік болса және бірден тереңдік пайда болса, онда ол жерде әлбетте барлығы батып кетеді", - деп түсіндірді А.Быбченко.



Сондай-ақ, ол су айдынында демалуды жоспарлағандар үшін ұстану керек ұсыныстармен бөлісті.



"Егер сіз табиғи жағажайда немесе өзіңіз білетін су қоймасына барсаңыз да, басты кеңес - ең алдымен күннің ыстығына назар аудару керек. Су қоймаларының бір бөлігі салқын болуы мүмкін және қызған жағажайға келіп, суық суға түскенде, сізде сіңір тартылу немесе өмірге қауіп төндіретін басқа да зардап шегуі мүмкін. Соның бірі және ең көп таралған түрі - алкоголь. Демалыста барлығы оны қабылдайды және өзіне ие бола алмайды. Компанияда ересектерді де, балаларды да бақылайтын кем дегенде екі адам болуы керек, өйткені ересектер ішкен кезде балалар сияқты әрекет етеді. Сондықтан жағдайды бақылайтын, жауапты бір адам болуы керек", - деп бөлісті ол.



ТЖД деректері бойынша, Алматыда шомылуға рұқсат етілген төрт орын бар, олар "Сайран" көлінің батыс және шығыс бөліктері, сондай-ақ "Гүлдер" демалыс аймақтары және Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойындағы "Бауман" тоғайы. Мысалы, Есентай, Үлкен және Кіші Алматыға кіретін қаланың қалған су айдындары мен таулы өзендеріне шомылуға тыйым салынады.



"2022 жылы жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде қала су айдындарында адам өліміне жол берілмеді, 17 адам құтқарылды, оның ішінде 6-ы балалар. Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Департаментпен мамыр айына арналған бірлескен рейдтердің жоспар-кестесі бекітілді, оған полиция қызметкерлері, ҚР ҰК әскери қызметшілері, құтқару қызметі мен РЖҚЖ құтқарушылары, сондай - ақ еріктілер тартылады", - деді ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Есбол Сұлтанов.



Өткен жылы бірлескен жұмыс барысында 63 адам жауапқа тартылып, 790 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:36

11:32

11:23

11:04

11:01

10:59

10:49

10:44

10:40

10:30

10:21

09:54

09:46

09:44

09:19

09:18

09:08

08:49

08:02

20:24

19:07

18:55

18:10

17:47

17:35