Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Жанарың өшпесін!

Жанарың өшпесін!

Медицина 18.05.2023, 06:45 3,059
Жанарың өшпесін!
Сурет: Salsknews.ru

Елімізде алғаш рет көздің қасаң қабағына америкалық әдіспен ота жасалды. 


Алматыдағы Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ университеттік клиникасы базасында мұндай операциялар мамырдың 16-нан бері жасалып жатыр.


Ол үшін қасаң қабықты трансплантациялауды қажет ететін әртүрлі көз ауруларымен ауыратын 12 науқас іріктеліп алынған болатын. Бүгінге дейін 9 адамға осындай операция жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Оған қажет донорлық тіндер АҚШ-тан жеткізілді. Олар алдын ала инфекцияның бар-жоқтығына тексеріліп,  арнайы талаптарға сай жетікізілген. Бүгін 3 адамға осындай күрделі ота жасау жоспарланған. 


Трансплантацияны мәйіттен көздің қасаң қабығын  ауыстырып салу әдісі  2015 жылға дейін елімізде келісім презумпциясымен жасалатын. Ол кезде бұл отаны бірден жасамаса, тіндер жарамсыз болап қалатын. Себебі бұл  тін  өте сезімтал және трансплантация  жасаудың жалпы тәжірибесінде мәйіттен,  яғни  қайтыс  болған  кезінде бірден ауыстырылатын. Ал қазір америкалықтар бұл  тіндерді мәйіттен алғаннан кейін көздің қасаң қабығын 14 күнге дейін сақтауға мүмкіндік беретін арнайы реагенттердің патентіне ие болған. Бұл жердегі тағы  бір жаңашылдық - көздің қасаң қабығының бір  бөлігінің,  яғни микроскапиялық  қабаты  ғана  трансплантацияланады. Екі-үш күннен бері жасалып жатқан оталар көздің қасаң қабағығының консервациясының жаңа  технологиясын пайдалана отырып, алғаш рет жүргізілуде.


Бұл ең күрделі операциялардың бірі болғаннан кейін, бұған дейін негізінен шетелде жасалатын. Трансплантация әртүрлі аурулардан кейін кератоконус, белма және қабықтың бұлыңғырлануы, қабықтың зақымдануы, жарақатқа байланысты тыртықтар, әртүрлі хирургиялық араласулардан кейінгі асқынулар нәтижесінде қабықтың ісінуі сияқты ауруларда қажет. 


Мамандар  соңғы технология бойынша 2 жылда 304 операция жасауды жоспарлап отыр.



«Катаракта сияқты бұрын жасалған операциялардан кейін зақым келген қасаң қабық тіндерін трансплантациялау операцияларын бірінші рет жасадық. Төменгі жол-науқастың қабығы толығымен жойылмайды, тек зақымдалған қабық тіндері алынып тасталады және ауыстырылады», - дейді Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ офтальмологиялық орталығының директоры, ҚР ДСМ бас штаттан тыс офтальмологы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Марат Сүлейменов.



Мамандардың айтуынша, мәйіт донорлығының дамымауы осындай операциялардың жүргізілмеуіне байланысты. Сондықтан донорлық қасаң қабықтарды АҚШ-тан "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының көмегімен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Пациенттер үшін барлық операциялар тегін жасалады.


Қазіргі уақытта 304 адамға мүйізді қабықты трансплантациялау қажет: өтпелі кератопластика – 221 адам, оның ішінде 107 бала (48,4%); артқы қабатты кератопластика – 83 адам. 



«Қазақстанда донорлық материалдың болмауы ағзалар мен тіндерді трансплантациялауды қажет ететін пациенттер үшін күрделі мәселе. Сондықтан, басқа елдің донорлық тіндерінің арнайы банкінен алынған консервіленген донорлық материалды қолдану бүгінгі күні мәселенің жалғыз шешімі болып табылады. Бұл операциялар ерекше, өйткені олар қасаң қабықты толығымен өзгертпеуге мүмкіндік береді, атап айтқанда кез-келген ауру кезінде зақымдалған қабатты өзгертуге мүмкіндік береді. Қазақстанда мұндай операцияларды енгізу көру қабілеті нашар адамдардың санын азайтуға айтарлықтай көмектеседі. «Қазақстан халқына» қоры екі жыл ішінде 304 қасаң қабықты дайындауға және әкелуге 373 миллион теңге бағыттайды», - деп түсіндірді «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрағасы Болат Жәмішев.



Операциядан кейін науқастарды оңалту бірнеше сағатты алады. Трансплантациядан кейінгі күні пациенттер көре алады. 


 








    Телеграм арнаға жазылыңыз
    #медицина #ота #қасаң қабық
    Бөлісу:
    Жүктелуде...

    Соңғы жаңалықтар

    ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

    Кеше 20:39

    Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

    Кеше 19:17

    Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

    Кеше 17:40

    Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

    Кеше 17:23

    Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

    Кеше 17:17
    Telegram
    Жазылыңыз
    AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

    "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

    Сілтемелер

    • Біз туралы
    • Байланыс
    • Жарнама
    • Газет архиві

    Байланыс

    • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
    • +77272930803
    • alatauaqparat@gmail.com
    Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.