Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Итбалықтардың өлімін анықтауға уақыт керек

Итбалықтардың өлімін анықтауға уақыт керек

Әлеумет 27.11.2024, 11:13 723
Итбалықтардың өлімін анықтауға уақыт керек
Фото: Азамат Сарсенбаев

Қазақстанда Каспий теңізінде итбалықтардың өлекселерінің табылуы бойынша алғашқы сынамалардың нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, 24 қазаннан бастап өлген итбалықтар тіркеле бастағаннан кейін, барлық жауапты қызметтер оқиға орнына барған, соның ішінде ветеринарлар, экологтар, гидробиологтар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері де қатысты. Барлық қажетті сынамалар алынған.

Алғашқы зерттеулер пастереллез, тырысқақ және оба ауруларының бар-жоғын тексерді, алайда бұл індеттер табылмаған. Министрдің айтуынша, қазір мамандар су түбінде табиғи газдың шығуынан немесе судың ластануынан итбалықтардың қырылуы мүмкін екендігін болжайды. Алайда, су құрамында нормадан ауытқу байқалмаған.

Ғалымдардың зерттеулерін аяқтауға 3-4 ай уақыт қажет. Осы кезеңде қорытынды нәтижелер жарияланатын болады. Сонымен қатар, экология департаментінің зертханалары ауаның, судың және топырақтың құрамын зерттеп, халықаралық ұйымдардан көмек алмаған.

Айта кетейік, Lada.kz порталының жазуынша, аймақтағы экологиялық кеңестің төрағасы, «ECOJER» қауымдастығының Маңғыстау облысындағы өкілі және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Әділбек Қозыбақов итбалықтардың жаппай қырылуы бойынша келтірілген шығын шамамен 1,5 миллиард теңгеге бағаланатынын мәлімдеген.

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылғы бұйрығына сәйкес, бір итбалықтың құны 193 АЕК немесе 712 556 теңге деп белгіленген. Бұл соманы шамамен 2000 итбалыққа көбейтсек, 1 425 112 000 теңге шығын шығады», – деді ол.

Әділбек Қозыбақов бұл жағдайдың себебін анықтау, кінәлілерді қатаң жауапкершілікке тарту және келтірілген шығынды өтеу бойынша нақты шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті.

Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының маманы Андрей Руцкийдің айтуынша, инспекторлар жағалауда күнделікті мониторинг жүргізіп жүп. Ол 23 қарашада теңіз жағалауында өлі итбалықтардың денелері табылмағанын, сондықтан оң болжам жасауға үміт бар екенін жеткізді. Сонымен қатар желдің бағыты өзгергені де жағдайға әсер етуі мүмкін.

Еске салсақ, Каспий жағалауынан бір күнде 120-дан астам өлі итбалық табылған туралы жазған едік.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология #итбалық #зерттеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика