AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Әкемтеатр Алатау аспақшы

Әкемтеатр Алатау аспақшы

Мәдени Алматы 27.11.2024, 10:35 1,199 Nursok82
Әкемтеатр Алатау аспақшы
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры

2024 жылдың 4-7 желтоқсан аралығында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Алатаудың күнгейі мен теріскейін қоныс еткен бауырлас Қырғыз еліне гастрольдік іс-сапармен аттанбақ, деп хабарлайды aqshamnews.kz

1926 жылы іргетасы қаланған қазақ өнерінің қарашаңырағы, қазақтың тұңғыш кәсіби театры Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры – Қазақстанның жетекші өнер ордасы. Ол өз тарихында үлкен белестерден өтіп, бүгінгі күні ұлттық өнердің символына айналды.  Шығармашылық әлеуеті жоғары театр ұжымы – биік көркем өнер, жаңа тұрпатты мәдениет жасау; отансүйгіштік, ізгілік, адамгершілік, сұлулықты дәріптеу; әлемдік мәдени-рухани кеңістікке еркін еніп, ұлттық өнерімізді таныту жолында қалтқысыз қызмет етуде.

2026 жылы қазақ өнерінің қарашаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры 100 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ғасырлық той қарсаңындағы салтанатты гастрольдік сапарын жер жәннәты Жетісу облысынан бастаған өнер ұжымы Өзбекстан, Қарақалпақстан елдерін аралап, желтоқсанның 4-7 аралығында бауырлас қырғыз елінің бас шаһары Бішкек қаласына ат басын тіреп, Т. Абдумомынов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театрының сахнасында өнер көрсетеді. Гастрольдік бағдарлама бойынша шоқтығы биік, қазақ және әлемдік драматургия жауһарлары «Қыз Жібек», «Қоштасқым келмейді», «Қорқыттың көрі», «Мәңгілік бала бейне» сынды спектакльдер көрермен назарына ұсынылады. Бұл қойылымдарда өзіндік қолтаңбасымен көрерменді тәнті етіп жүрген бірқатар өнер иелері Қазақстанның Халық әртісі Дулыға Ақмолда, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шынар Жанысбекова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шынар Асқарова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жалғас Толғанбай, Мәдениет саласының үздігі Күнсұлу Шаяхметова, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» жастар сыйлығының иегері Салтанат Бақаева, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» жастар сыйлығының иегері Зарина Кармен, Асан Мәжит сынды театр артистері өнер көрсетеді. 

 Гастрольдік сапар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді.

4 желтоқсан 18.30-да Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» спектаклі /музыкалық драма/ 2 сағат

5 желтоқсан 18.30-да А. Володин «Қоштасқым келмейді» /драма/ 1 сағат 40 мин

6 желтоқсан 18.30-да И. Ғайып «Қорқыттың көрі» /драма/ 2 сағат

7 желтоқсан 18.30-да Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» /трагедия/ 2 сағат

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры #мәдениет #Қырғыз еліне #гастрольдік сапар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

PGL Astana 2026: елордада турнирдің алғашқы ойын күнін шамамен 7000 көрермен тамашалады

Бүгін 15:48

Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты

Бүгін 15:04

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 14:04

Алматыда колледждерге мемлекеттік тапсырыстың басым бағыттары бекітілді

Бүгін 12:16

Отбасы – бақыт мекені: Алматыда «Толағай жолы: Әке мен бала» эстафетасы өтті

Бүгін 12:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);