Алатау ауданында Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен аудан әкімдігі, салалық басқармалар, коммуналдық қызмет пен тиісті ұйымдардың қатысуымен көшпелі жиын өтті. Басқосуда ауданның қордаланған мәселесі мен инфрақұрылымдық жобаларды жеделдету жолдарықаралды.
Шаһар басшысы жұмыстың баяу қарқынына алаңдаушылық білдірді. Инвестиция көлеміұлғайғанымен, Шаңырақ-1, Самғау, Өжет, Шапағатсынды бірқатар шағынауданда инженерлік желілер, соның ішінде су құбыры мен кәріз жүйесі әлі толықпайдалануға берілмеген. Бұған сорғы станциялары құрылысының аяқталмауы, коллекторлардың жоқтығы мен жер телімдерін рәсімдеудегі кідіріссебеп болып отыр.
Дархан Сатыбалды әр нысан бойынша инженерлік желілерді іске қосу кестесін осы жаздың соңына дейін әзірлеп, заңдық кедергілердіжоюды тапсырды.
Қала әкімі аппаратының басшысы Ерлан Исабековтің айтуынша, Рахат-Мәдениет, Ақбұлақ, Боралдай, Көкқайнар, Түркістан, Шапағат және Теректі шағынаудандарында инженерлік желілерді тарту жұмыстары өте баяу жүріп жатыр. Мұндайірі жобаларда небәрі 15-20 жұмысшы мен 2-3 арнайы техника ғана тартылған. Егер қарқын өзгермесе, жоспардан айтарлықтай қалып қоюжәне жобаны мерзімінде аяқтамау қаупі жоғары.
Сондай-ақ, Ерлан Исабеков Алатау ауданы әкімдігінің санитарлық тазалық, көгалдандыру және абаттандыру бағытындағы жұмыстары жеткіліксіз екенін атап өтті.
«Экология басқармасы нақты ұсыныстар дайындауға тиіс. Біз қаражат бөліп, ағаш отырғызып, аудан әкімдігіне тапсырамыз, бірақкейін ағаштардың қурап қалғанын көреміз. Сонда мұның бәрін не үшін істеп отырмыз? Мұндай тәсілден нәтиже жоқ, оны өзгерту керек, — дедіАлматы әкімі.
Алатау ауданының әкімі Талғат Малыбаевхалық санының өсуіне байланысты кемінде 10 жаңа мектеп салу қажеттігін айтты. Әйгерім мен Ақбұлақ шағынаудандарындағы екі мектеп биылқыркүйекте пайдалануға берілмек, алайда бұл сұранысты толық жаппайды.
Қала басшысы тұрғын үй қорының ұлғаюынескере отырып, жаңа мектептер салудың нақтыжоспарын әзірлеуді тапсырды.
«Аудан әкімі ұсынған жер телімі шынымен бос болса, оларды бірден әлеуметтік нысандарға резервтеу қажет. Қазір ауқымды тұрғын үйқұрылысы жүріп жатыр, бірақ көбіне тұрғын үйлерсалынып жатыр. Сіздермен бірге есепті көрдік қой: 154 мың бала болмақ, бұл кем дегенде 95 мектепқажет деген сөз. Мұны алдын ала, жобалаусатысында ескеру керек», — деді Дархан Сатыбалды.
Кеңесте ауданның санитарлық жағдайы, қоқысты жинау, бейберекет үйілген қоқыстардыжою, арықты қайта жаңғырту, мектеп маңындағыаялдамалар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін реткекелтіру мәселелері де талқыланды. 2025 жылы ауданның басым бағыттарының бірі — жарықтандыру жобасы болмақ: 255 аумақта 3500-ден астам шам мен 2900 бағана орнату жоспарланған, оған аулалар мен кварталішілік көшелер де кіреді.
«Абаттандыру ең маңызды міндеттердің бірі, оны бірінші кезекте орындау қажет. Қаржы бар, бастысы, жұмысты дұрыс ұйымдастырып, нақтыәрекет ету керек, — деді қала әкімі.
Қала әкімі қыркүйекке дейін дайын тұрған, бірақ іске қосылмаған инженерлік желілердіпайдалануға беру, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясындағы жобалардағы кешеуілдеуді жою, мектеп құрылысын жеделдету және жыл соңына дейін жоспарланған барлықаумақтарда жарықтандыру жүйесін іске қосусынды бірқатар нақты тапсырма жүктеді.
Дархан Сатыбалды жасыл желекті күтіп-баптаумен қоғамдық аумақтардың тазалығын сақтаубағытында жүйелі жұмыс жүргізудің маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, Алатау ауданының әлеуеті жоғары, алайда оны іскеасыру үшін басқарушылық тәртіп, жауапкершілікпен нақты нәтижеге бағытталған еңбек қажет.
Кеңестен кейін қала әкімі Дархан Сатыбалды Алатау ауданы тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға алдын ала өтініш берген азаматтар шақырылды. Қабылдау бекітілген кестебойынша және кезек тәртібімен өтті.
Тұрғындар абаттандыру, көше жарығы, жолдың жай-күйі және құқық тәртібін қамтамасызету мәселесін көтерді. Бейберекет қоқыс үйінділері, жарығы жоқ аумақтар мен кварталішілік жолдардың нашар жағдайы туралы да өтініштер айтылды.
Қабылдау қорытындысында Дархан Сатыбалдыаудан әкімдігіне және тиісті қызметтерге барлық өтінішті жедел қарастырып, тиісті жерге барып, тұрғындарға ресми әрі негізделген жауап беруді тапсырды. Әкім жұмыстың мерзімі мен сапасыүшін басшылардың жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударды.