2024 жылы Қазақстандағы азаматтардың банктер алдындағы қарызы 22,2%-ға өсіп, жалпы көлемі 34,9 триллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш қаржы жүйесіндегі айтарлықтай өзгерістер мен тұрақсыздықты көрсетеді, сол себепті экономистер мен қаржыгерлер осы мәселені шешу үшін жаңа шараларды қолға алуға қажеттілік туындағанын атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz
Қазақстанның қаржы нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және азаматтардың қарыз жүктемесін азайту мақсатында, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар жаңа ережелер енгізіледі. Бұл ережелердің басты мақсаты — қарыз алушылардың жауапкершілігін арттырып, банктер мен қаржы ұйымдарының қарыздарды беру шарттарын қайта қарау.
Биометриялық сәйкестендіру және ЭЦҚ Онлайн микроқарыздарды рәсімдеу кезінде биометриялық сәйкестендіру мен электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) бір мезгілде пайдалану міндеттеледі.
Жұбайдың келісімі Банктер мен микроқаржы ұйымдарына жеке тұлғаларға жұбайының келісімінсіз несие беруіне тыйым салынады.
Сыйақы есептеуге шектеу Қарыз мерзімі 90 күннен асқанда барлық тұтынушылық кредиттерге сыйақы есептеуге тыйым енгізіледі.
Әскери қызметкерлер үшін қолдау Әскери қызмет кезінде және қызметтен кейінгі 2 ай ішінде несиелер бойынша сыйақы есептеуге тыйым салынып, мерзімді кейінге қалдыру ұсынылады.
Әлеуметтік қорғау Жалғыз баспанасы бар отбасыларды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды жылыту маусымында үйінен шығару тыйым салынады. Қарыз алушы шотындағы 2 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын қаражатты өндіріп алуға тыйым енгізіледі.
Омбудсмендердің өкілеттіктері Банк омбудсменінің дауларды шешудегі рөлі күшейтіледі, микроқаржы омбудсмен институты енгізіледі.
Дауларды төрелік сотқа жіберуге шектеу Банктер, МҚҰ және коллекторлар арасындағы дауларды төрелік сот арқылы қарауға тыйым салынады.
Қарастырылып жатқан жаңа бастамалар:
Қарыз алушылардың өтініштерін қарау мерзімі – 15 күннен аспауы тиіс.
Банктер мен МҚҰ кейбір негіздер бойынша қарыздарды 3 айға кейінге қалдыруға міндеттелуі мүмкін.
Мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету процедураларын жеңілдету жоспарлануда.
Қаржы өнімдерінің стандарттарын белгілеу құқығы Агенттікке беріледі.