AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Азық-түлік бағасы жазда қымбаттайды

Азық-түлік бағасы жазда қымбаттайды

Әлеумет 15.04.2025, 17:26 969
Азық-түлік бағасы жазда қымбаттайды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Оған еліміздегі ауа райының қолайсыздығы мен су тапшылығы тікелей әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мамандардың мәліметінше, биыл Тянь-Шань, Памир және Алтай тауларында қар мөлшері әдеттегіден әлдеқайда аз. Журналист Кирилл Павловтың сөзінше, бұл өзендердегі су деңгейінің төмен болатынын, әсіресе елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында егіншілік пен суаруға қатты тәуелді аймақтар үшін күрделі жағдай туындайтынын білдіреді. 

2025 жылы Қазақстанда агроклиматтық жағдай күрделі болады деп күтілуде:

Оңтүстікте көктемде – су тасқыны, жазда – Сырдарияның тайыздануы және егіншілікке су жетіспеушілігі.

Солтүстікте ылғалды көктемнен кейін шілдеде ыстық пен қуаңшылық күтіледі – бұл жаздық бидайға кері әсер етеді.

Орталық пен батыста – жаңбыр аз, жайылымдардың жағдайы нашарлайды, Қарағанды облысында жазда қуаңшылық болуы мүмкін.

Шығыста көктем кеш түседі, үсік болу қаупі бар, ал жазда – су тапшылығы қайталанады.

Батыс Қазақстанда жауын-шашын мәселесі дәстүрлі түрде қиын, 2025 жылы жақсару болмайды, жайылымдар кепті, малға азық тапшылығы туындайды.

Кирилл Павловтың пікірінше, мұндай климаттық факторлар дүкендердегі бағаға тікелей әсер етеді, Су аз – өнім аз, яғни нарықта ұсыныс азаяды, жем-шөп қымбат – жұмыртқа, ет, сүт те қымбаттайды.

- Импорт тапшылықты толықтыруы мүмкін, бірақ оның бағасы жоғары, әсіресе логистика қиын не валюта бағамы тұрақсыз болса. Суару, тасымалдау мен сақтау шығындарының артуы да бағаны көтереді, дейді Павлов.

Бағасы бірінші болып қымбаттауы мүмкін азық-түлік түрлері: қарбыз, қауын, қызанақ, бұрыш, пияз, картоп, жеміс-жидек, ет пен сүт өнімдері. 

Бағалар әсіресе жаз ұзақ әрі ыстық болса, тамыз айынан бастап күрт өсуі мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жаз #азық-түлік #баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті

Бүгін 14:45

Дархан Сатыбалды Алматының жылумен қамту нысандарының жылу маусымына дайындығын тексерді

Бүгін 14:38

Егін жинау науқаны – 2026: Олжас Бектенов жиналған астықтың сақталуы және диқандарды ерте қаржыландыру жұмыстарын бастауды тапсырды

Бүгін 14:30

Жекелеген облыстарда жылыту маусымының басталуына санаулы күндер қалды: Олжас Бектенов әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 13:45

Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 13:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);