ffin.kz

Біздің болашағымыз қазіргі шешімге байланысты

Біздің болашағымыз қазіргі шешімге байланысты Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Әуезов атындағы театрының актерлік құрамы басқа қалада гастрольде жүріп референдумға дауыс берді

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының қызметкерлері, соның ішінде актерлік құрам, Ақтөбе қаласында референдумға дауыс берді. Олар гастроль кезінде дауыс беру үшін Алматыда есептен шығару талондарын алдын ала алып қойған.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Данагүл Темірсұлтанова дауыс беруге жауапкершілікпен қарап, әр азаматтың елдің болашағын айқындайтын шешім қабылдаудағы маңыздылығын атап өтті.

«Меніңше, әркім осындай маңызды шешімге үлес қосуы керек. Біздің болашағымыз қазіргі шешімге байланысты, бұл референдум еліміздің даму бағыттарын анықтаудағы негізгі қадам», - деді Д. Темірсұлтанова.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өткізіліп жатыр. Алматы тұрғындары сағат 20:00-ге дейін сайлау учаскелеріне барып, дауыс бере алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:26

18:26

18:25

18:24

18:22

17:46

17:45

17:18

17:15

17:01

16:52

16:42

16:39

16:35

16:32

16:08

16:06

16:05

16:02

15:50

15:48

15:45

15:42

15:29

15:25