AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Алматыда блогерлер мен тиктокерлер дауыс беріп жат...

Алматыда блогерлер мен тиктокерлер дауыс беріп жатыр

АЭС: Референдум 06.10.2024, 15:25 1,001 Nursok82
Алматыда блогерлер мен тиктокерлер дауыс беріп жатыр
almaty-akshamy.kz

Алматының референдум учаскелерінде адамдардың қарасы көп. Дауыс беруге келген азаматтардың арасында әлеуметтік желіде мыңдаған оқырманы бар танымал блогерлер мен тиктокерлер бар, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Мегаполистегі №101 референдум учаскесінде актер әрі блогер Еламан Есентаев дауыс берді. Ол ел болашағы үшін маңызды мәселеде әр азаматтың дауысы маңызды екенін айтты.

- Референдум – халықтың сенімін арттыруға және АЭС салу туралы шешімнің әділ әрі ашық қабылдануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. АЭС мәселесіне қатысты референдум өткізу – халықтың даусына құлақ асу үшін жасалған дұрыс қадам. Мұндай шешімдер қабылдауда тек үкімет емес, ел азаматтарының да көзқарасы ескерілуі тиіс деп санаймын. Әрбір азаматтың пікірі маңызды, әрбір дауыс елдің болашағына ықпал ететін шешімдерге әсер етеді, - деді ол.

Ал қазақ тілінде сабақ беретін қоғам белсендісі, блогер Алина Кан референдум учаскелеріндегі ашықтық пен әділдікті баса айтып өтті.

- Референдум адал өтіп жатыр. Қаншама азаматтар мен азаматшалар әлі де дауыс беруге келІп жатыр. Бүгін еліміздің болашағы анықталуда. Халық дұрыс жақты тандады деген ойдамын, - деді Алина Кан.

Алматының №621 референдум учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс беруге барған блогер Диана Тоқтар бұл оның азаматтық парызы екенін айтты. Ал «Jas Live» жобасының жетекшісі, актер, блогер Мейіржан Келемеденов референдумға қатысу арқылы, ел болашағына үлес қосқанын атап өтті. Ол қаладағы №108 учаскеде өз таңдауын жасады.

- Бүгін референдумға  қатысып, өз дауысымды бердім. Бұл маңызды қадам, өйткені еліміздің болашағына өз үлесімді қосқым келді. Әсіресе, АЭС құрылысы секілді маңызды мәселе талқыланып жатқанда, еліміздің болашағына бей-жәй қарамай қатысуым азаматтық борышым деп білемін. Бұл шешім келешек ұрпақ үшін қажет деп санаймын, - деді Мейіржан Келемеденов.

Алматыда дауыс берген блогер- тиктокерлердің қатарында Бекзат Сұлтан мен Дамир Мұташов бар. Бекзат Сұлтан референдум арқылы халықтың саяси мәдениеті қалыптасып жатқанын айтса, екіншісі бұл науқан әр адамға өз ойын білдіруге мүмкіндік бергенін мәлімдеді.

«Қазақстан КВН одағының» Алматы филиалының директоры, блогер Оңдасын Құлымбетов та бүгінгі референдум туралы өз ойын білдірді.

- Меніңше, сұрақ – АЭС қажет не қажет емес деген мәселеде тұрған жоқ. Атом электр стансасының қажет екені бәрімізге белгілі. Себебі қазір әлем жасыл энергияға ұмтылып жатыр. Бүгінгі басты мәселе – қауіпсіздігі. Сондықтан бүгін белсенді азамат ретінде дауыс беріп, кейін оң шешім шықса, оның қауіпсіздігіне байланысты сұрақтарды қоғам болып қадағалау керек деп ойлаймын, - деп атап өтті ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум #атом электр #дауыс беру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);