Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Арзанның жілігі тати ма?

Арзанның жілігі тати ма?

Әлеумет 21.01.2024, 09:51 1,204
Арзанның жілігі тати ма?
Сурет: интернеттен

Қаңтарда тауар сөрелерінде бүкіләлемдік жеңілдік арта түседі.


Айналамыздағы дүкендерде жеңілдік көп-ақ. Бірақ кейде арзан аламыз деп еселеп шығындалып жүрген жоқпыз ба? Көзге түсер тұсқа «жеңілдік» деп айқайлатып қойған тауардың бағасын кейін қарасаң, құны жеңілдіксіз-ақ сол қалпы тұрғанын байқайсың. Жалпы дүкендер бағаны қалай ойнатады?


«the HODL» Telegram-арнасында қарапайым маркетингтік айланы былай түсіндіреді:


Жеңілдік деп тұрған тауарды сатып алатын болдыңыз делік. Алайда кассаға барғанда басқа баға шығып тұрады. Жеңілдік мерзімі аяқталып кеткен, акцияның мерзімі көзбе көрінбейтін майда жазумен жазылған. Кейде мән бермей, сатып алуыңыз да мүмкін.


Бір заттың құнына екі өнім


"Жеңілдік" деген жазуы бар әдемі қаптамадағы тауарлар да маркетологтар жиі қолданатын айлалардың бірі.


Мысалы, сатылымда тұрған бір шайдың қасында скотчпен жапсырылған 250 граммдық екі шай қаптамасы тұр делік. Мұндай қораптың біреуі – 1299 теңге, ал екеуі жеңілдікпен – 2599 теңге тұрады. Бұл – керемет жеңілдік. Әсіресе, жаңағы қораптардың жанында жеңілдіксіз 2 469 теңгеге сатылып тұрған 500 граммдық шай қорабы бірге тұрса.


Ұттыңыз ба, ұтылдыңыз ба?


Тұтынушы жеңілдікпен шай қораптарын сатып алатын болса, үстіне артық 130 теңге төлер еді. Тіпті кейде баға айырмашылығы одан да жоғары болуы мүмкін. Сондықтан жеңілдік деп сатылып тұрған тауардың құнын ойша есептеп көрген артық болмайды.


Азық-түлік аларда баға белгілерін, түбіртекті тексеріп қоюды ұмытпаңыз!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жеңілдік #айла #дүкен #баға #маркетолог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика