Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Арақ - атадан қалған ас емес": ауыл халқы нелікте...

"Арақ - атадан қалған ас емес": ауыл халқы неліктен ішімдіктен бас тартып жатыр?

Әлеумет 16.10.2025, 12:02 674
"Арақ - атадан қалған ас емес": ауыл халқы неліктен ішімдіктен бас тартып жатыр?
Сурет: коллаж

«Ішімдіксіз ауыл»: Жаңа үрдіс тамыр жайып келеді

«Бүтін бір ауыл ішімдіктен бас тартты» – соңғы жылдары ел ішінен естілетін осындай жаңалықтардың жиілегені көңілге қуаныш ұялатып жүр. Ең бастысы – бұл шешімнің жоғарыдан емес, ауыл тұрғындарының өз бастамасымен қабылданып жатқаны.

Жыл басындағы мәліметтерге сүйенсек, еліміздің 3 өңірінде 100-ден астам ауыл ішімдікті тұтынудан да, сатудан да бас тартқан. Бұл – ауыл халқының саналы түрде жасаған таңдауының көрінісі. Ішімдіксіз өмір салтына көшкен ауылдардың қатары жыл сайын артып келеді.

Алайда Қазақстанда алкогольді тұтыну деңгейі әлі де жоғары. Ұлттық статистика бюросының 2022–2024 жылдарға арналған деректеріне сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы бұл тізімде көш бастап тұр. Мұнда бір тұрғын үш жылда орта есеппен 44 867 теңгені алкогольге жұмсаған. Одан кейін Солтүстік Қазақстан (39 755 тг) мен Қарағанды облысы (38 257 тг) тұр. Ал Алматы қаласы (35 895 теңге) мен Павлодар облысы (34 577 теңге) ішімдікті тұтыну бойынша топ-5-тің қатарында. 

Оңтүстік пен батыс өңірлері ішімдікке қаражатты әлдеқайда аз жұмсайды. Түркістан облысында бұл көрсеткіш – 11 мың теңге, ал Қызылорда облысы мен Шымкент ең төмен тұтынушы өңірлер қатарында.

Бірақ ең бастысы – ауылдардың өз ішінде ішімдікке қарсы мәдениет қалыптасып келе жатқандығында. Мұндай бастамалар ауыл ақсақалдары, қоғамдық кеңестер мен белсенді жастар тарапынан көтеріліп отыр. Ал жергілікті билік пен полиция тарапынан қолдау тауып, нақты шаралар жүзеге асып келеді.

Мәселен, Алматы облысында ішімдік сатуға толық тыйым салған 6 ауыл бар: Ақши (Іле ауданы), Бояулы (Балқаш ауданы), Беріктас (Жамбыл ауданы), Жайдақбұлақ (Кеген ауданы), Сұңқар және Шошанай (Ұйғыр ауданы).

Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Мейрам Әбікеевтің айтуынша:

«Ішімдіксіз ауыл – бұл жалаң ұран емес. Бұл – жергілікті тұрғындардың шынайы таңдауы. Егер ережені бұзғандар болса, ауыл ақсақалдары, полиция мен әкімдік бірігіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қажет болған жағдайда әкімшілік шаралар қолданылады. Бұл – ауыл беделін сақтау үшін маңызды қадам».

Тіпті той-томалақ, құдалық, мерекелік жиынның бәрі ішімдіксіз өтеді екен. 

«Бұл қазір көпшілік үшін қалыпты жағдайға айналған. Тіпті, өзге елді мекеннің азаматтары да осы тәртіптен хабардар. Яғни, ішімдігі жоқ ауылдан келген ешбір адам ішімдік іздемейді. Есесіне, той-жиындарда ұлттық салт-дәстүрге сай жөн-жоралғылар, ұлттық ойындар мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Ал, полиция қызметкерлері сондай іс-шара кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді», - деп түсіндірді ПД басшысы. 

Жуырда ғана Солтүстік Қазақстанда – 19, Түркістанда – 66, Қарағандыда – 63, Ақтөбеде – 33, Қызылордада – 18, Атырауда – 53 ауыл ішімдіктен толықтай бас тартқаны белгілі болды. Бұл үрдіс жыл соңына дейін тағы бірнеше ауылда жалғасады деп күтілуде.

Қазақстанның Бас Прокуроры Берік Асылов бұл бастаманы өз парақшасында қолдап, былай деп жазды:

«Иә, бұл теңізге тамған тамшыдай көрінуі мүмкін. Бастама ақсақалдар мен қоғамдық кеңестерден басталды. Ауыл кәсіпкерлері ерекше ризашылыққа лайық. Жерлестерінің бастамасын естіген олар өз еркімен алкогольді сөреден алып тастады. Бұл ретте, олардың табысы төмендемеген. Ауыл тұрғындары алкогольдің орнына балаларға пайдалы өнімдер сатып ала бастады. Бастысы – оң өзгерістің басталғаны»  

Полиция мәліметтеріне сүйенсек, ішімдікке тыйым салынған ауылдарда қылмыс, жанжал, бұзақылық деректері күрт азайған немесе мүлде тіркелмеген. Қоғамдық тәртіп пен тыныштық орныққан.

«Ішімдіксіз ауыл» — болашаққа бағытталған парасатты шешім екені сөзсіз. Шағын бастама болып көрінгенімен, оның жемісі ұрпақтың амандығы мен ауылдың тұтастығы үшін үлкен маңызға ие. Халықтың табандылығы мен бірлігімен бұл бастама алдағы уақытта да өз жалғасын табарына сенім мол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ішімдіксіз ауыл #бастама #үрдіс #алкогольден бас тарту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін 10:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика