Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Әуезов ауданында 130 шақырымнан аса инженерлік жел...

Әуезов ауданында 130 шақырымнан аса инженерлік желі жаңғыртылып жатыр

Барлығы 03.07.2025, 12:15 746
Әуезов ауданында 130 шақырымнан аса инженерлік желі жаңғыртылып жатыр
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының Әуезов ауданында сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, жылу, электр желілері мен сыртқы жарықтандыруды қамтитын инженерлік инфрақұрылымды жаңарту және дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

 Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында аудан әкімі Абзал Егембердиев хабарлады.

Атап айтқанда, 2025 жылдың қараша айында Мамыр-4 шағын ауданында 12,3 шақырым инженерлік желінің (6,5 км сумен жабдықтау және 5,8 км кәріз жүйесі) құрылысы аяқталады деп күтілуде. Жобаны іске асыру нәтижесінде ауданның 1 мыңнан астам тұрғыны заманауи коммуналдық қызметке тұрақты қол жеткізетін болады.

Құрылыс жұмыстары Достық шағын ауданында да жалғасуда. Мұнда 15,7 км кәріз желісі салынып жатыр. Жобаның жалпы құны — 2,6 млрд теңге, аяқталуы биылғы қазан айына жоспарланған.

2025 жылғы ең ірі жобалардың бірі — Саин – Жандосов – Қарғалы өзені – Шаляпин көшелері арасындағы аумақта 49 км инженерлік желі (27 км су және 22 км кәріз жүйесі) салу. Жоба 3 мыңнан астам тұрғынды сапалы коммуналдық қызметпен қамтамасыз етеді.

Жылу желілерін жаңғыртуға да ерекше көңіл бөлінуде. Өткен жылы «АлТС» ЖШС Саин, Тоқтабаев, Черепанов көшелері мен Мамыр-3 және 5-шағын аудандарында ұзындығы 4,9 км жылу желісін қайта жаңартты. Бұл учаскелерде коммуникациялар соңғы 30 жылдан астам уақыт бойы жаңартылмаған. Аталған жұмыстарға 4,4 млрд теңге инвестиция салынды. Ағымдағы жылдың тамыз айында Жетысу-2 шағын ауданында 1,1 км жылу желісін жаңарту жобасы аяқталады деп жоспарланған.

Аудандағы өзекті мәселелердің бірі — электр желілерінің тозуы. Қазіргі таңда олардың тозу деңгейі 63%-ды құрайды, бұл жиі апаттық өшірулерге себеп болуда: 2023 жылы — 245, 2024 жылы — 232, ал 2025 жылдың өзінде 187 жағдай тіркелген. Апаттық жағдайларды азайту мақсатында биыл «АЖК» АҚ 36,3 км электр желісін және 49 трансформаторлық қосалқы станцияны қайта жаңғыртады. Жобаның жалпы құны — 120,4 млн теңге.

Сондай-ақ сыртқы жарықтандыру жүйесін жақсарту бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Биыл қосымша 52 км кабель қалпына келтіріліп, 487 баған орнатылып, 2 500-ден астам шам жаңасына ауыстырылады.

Бұдан бөлек, көше жарығын орнату жобасы аясында 2025 жылдың тамызына дейін жарықтандырылмаған 81 учаскеде 824 баған орнату жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әуезов ауданы #желі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика