AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Алматының 450 мыңнан астам тұрғыны банкке берешек

Алматының 450 мыңнан астам тұрғыны банкке берешек

Қаржы 17.08.2022, 10:32 1,327
Алматының 450 мыңнан астам тұрғыны банкке берешек
Сурет: Tengrinews.kz

Алматының 450 мыңнан астам тұрғынында несие бойынша қарызы бар.


Бұл туралы «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Сартаеваның мәліметінше, бүгінде «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасы әзірленіп жатыр.


«Көктемде Парламент Мәжілісіне аталған заң жобасы енгізілді. Енді күзде бұл заң жобасына қатысты қызу талқылаулар өтеді. Бүгінгі іс-шараның мақсаты – заң жобасы Парламентте қаралғанға дейін азаматтармен кездесіп, олардың қандай уәж, ұсынысы бар екенін тыңдап, оларды жазып алып, депутаттарға жеткізу», - деді Айнұр Сартаева.


Спикердің айтуынша, бүгінгі күні Алматы қаласының 1 миллионнан астам тұрғынында несие бар. Оның ішінде 451 мыңнан астам азамат несиені 90 күннен астам уақыт төлемеген.


А.Сартаева мәлім еткендей, қазақстандықтар банкроттық бойынша 3 рәсімді қолдана алады.


«Бірінші рәсім «соттан тыс банкроттық»деп аталады. Оны азаматтар банктер, микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) және коллекторлар алдындағы борышы 4,9 млн теңгеден (1600 АЕК) аспаған жағдайда; ресми табысы жоқ немесе табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен (36018 теңгеден) аспаған кезде (асырауындағы адамдар қоса есептеледі) қолдана алады. Бұл ретте борышкердің мүлкі болмауы тиіс және банкпен борыштар бойынша реттеу рәсімін жүргізу қажет. Соттан тыс банкроттықты тек банктер, МҚҰ және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады.


Екінші рәсім – «сот арқылы банкроттықты» азаматтар қарызы 4,9 млн теңгеден асқанда және қарыздың қалған түрі бойынша қолдана алады. Бұл рәсім барысында борышкердің мүлкі болған жағдайда, ол сауда-саттық арқылы сатылуға жатады. Түскен қаражат кредиторлар алдындағы борыштарды өтеуге жіберіледі.


Үшінші рәсім - «төлем қабілеттілігін қалпына келтіру». Бұл рәсім арқылы азамат тұрақты табысы болған жағдайда қарызды 5 жылға дейін бөліп төлеуге сот арқылы мүмкіндік ала алады. Несиені қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі. Ол үшін екі тараптың (борышкер мен кредитордың) келісімі қажет», - деді ол.


Айнұр Сартаеваның сөзінше, банкроттықтың мынадай салдары болады:


- 5 жыл ішінде қарыздар мен кредиттер алуға шектеу көзделген;


- азаматтар банкроттықты 7 жылдан кейін ғана қайта қолдана алады;


- банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу көзделген. Сондай-ақ жобада азаматтардың банкрот деп танылған күннен бастап бір жыл ішінде қаржылық сауаттылықты арттыру курстарынан міндетті түрде өтуі көзделген.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#банк #несие #қарыз #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Бүгін 16:18

Оқушылар сарайының Наурыз керуені алматылықтардың жүрегін баурады

Бүгін 14:57

Қазақстандық блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

Бүгін 14:44

Алматыда «Nauryz Fest» мерекелік концерті көктемнің шуақты мерекесін қарсы алды

Бүгін 12:31

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «NAURYZ OPEN AIR» атты мерекелік концерт өтеді

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика