AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Геннадий Головкин бокстан Даңқ залына енді

Геннадий Головкин бокстан Даңқ залына енді

Спорт 05.12.2025, 09:32 601
Геннадий Головкин бокстан Даңқ залына енді
сурет: ҰОК

Қазақстанның танымал боксшысы, кәсіпқой рингте әлем чемпионы атанған Геннадий Головкин 2026 жылы Халықаралық бокстың Даңқ залына (International Boxing Hall of Fame) енгізіледі, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

АҚШ-та орналасқан бокс музейі жыл сайын кәсіпқой бокста ерекше жетістікке жеткен үш спортшыны марапаттайды. Биыл олардың қатарында 43 жастағы Головкин бар. Ол – Даңқ залында есімі жазылатын алғашқы қазақстандық. Бұған дейін посткеңестік елдерден тек ағайынды Владимир және Виталий Кличко, сондай-ақ Костя Цзю ғана бұл мәртебеге ие болған.

Даңқ залында әлемнің әйгілі боксшылары — Мұхаммед Али, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер, Оскар Де Ла Хойя, Леннокс Льюис және Мэнни Пакьяо секілді чемпиондардың есімдері де бар.

Головкин 2022 жылға дейін орта салмақта (72,5 кг) IBF, IBO және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы болды. Кәсіпқой мансабында 42 жеңіс, бір тең есеп және екі жеңіліс тіркеген. Әуесқой бокста 2002 жылғы әлем чемпионы, 2004 жылғы Афина олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

Айта кетейік, 2024 жылдан бастап Головкин Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетін басқарып келеді. Жақында ол әуесқой бокстағы World Boxing ұйымының президенті болып сайланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #бокс #Головкин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тау туризмінің экономикасы: Алматыға қандай пайда әкеледі?

Бүгін 17:47

Қазақстандықтардың 86,7 пайызы Президентке сенім білдіреді

Бүгін 17:42

Алматы циркінің артистері халықаралық фестивальдерде алтын және күміс жүлде иеленді

Бүгін 17:31

Шикізаттық емес сектор қарқынын сақтауда: 8 ай ішіндегі ЖІӨ өсімі 4,1%

Бүгін 17:30

«Заң мен тәртіп» қағидатын қолдау азаматтардың заң үстемдігін орнатуға деген құлшынысымен ұштасады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);