Алматыда ұстаздар арасында «Бабалар аманаты» байқауы өтті 

Алматыда ұстаздар арасында «Бабалар аманаты» байқауы өтті  Almaty-akshamy.kz

2024 жылғы 5-6 желтоқсан күндері Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының бастамасымен Нұркент шағын ауданында орналасқан «ALATAU» Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері арасында өңірлік «Бабалар аманаты» байқауы өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Бабалар аманаты» байқауының негізгі мақсаты – атаулы күндер мен мерейтойларды насихаттау, бабалар мұрасын дәріптеу және тарихқа құрметпен қарауды ұстану. Алматы қаласының 8 ауданынан (Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай, Түрксіб) және Алматы облысынан (Қонаев, Іле, Қарасай, Райымбек) барлығы 42 қатысушы өзара бақ сынасып, байқаудың 5 түрлі сайысына қатысты.

Байқау 5 негізгі сайыстан тұрды:

1.    «Ақынның қаламы – адалдық алаңы» – Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналып өтті.
2.    «Айтсын деп ақиқатты тіл берілген» – Қасым ханның 580 жылдығына орай ақындар айтысы ұйымдастырылды.
3.    «Бір шығарма ізімен» – Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығына арналған әдеби сайыс.
4.    «Шешендік өнер» – Махмұд Қашқаридің 995 жылдығына орай өтті.
5.    «Өмір – өнер, өнер – өлшем...» – Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына арналған сайыс.

Салтанатты кешке  Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Сағынғалиев Дәурен Наурызбайұлы қатысып, байқаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
Қазылар алқасы Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының директор орынбасары Атейбек Сандуғаш Тұрсынбайқызы, Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің  филология ғылымдарының кандидаты, доцент Молдасанов Ерсайын Мышанұлы, ақын, PhD докторы, Қазақстан Жастар одағы "Серпер" жастар сыйлығының иегері, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы, Қазақстан Жазушылар одағының және Халықаралық Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының мүшесі., "Аламан айтыс","Қазақстан чемпионаты" айтыстарының жүлдегері Жұмабекұлы Ержан, “Асыл домбыра” иегері, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының» мүшесі, айтыскер ақын, журналист Тұрсынбай Айтбек, Педагогика ғылымдарының кандидаты, "Әдебиеттік оқу" кітабының жетекші авторы, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының доценті, Қабатай Бидана Тұрсынханқызы, Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Үздік Ұстаз», «Үздік қызметкер» медальдарының иегері Сейталиева Қарлығаш секілді мықты мамандардан жасақталды.

Сонымен тартысты додада кімдердің бағы шауып, жүлдегер атанды:

1. «Ақынның қаламы – адалдық алаңы» сайысы (Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына):
•    І орын: Дүсимбаева Меруерт Үсенқызы, №201 мектеп-гимназия
•    ІІ орын: Қосынғали Аршын, №95 мектеп-лицей
•    ІІІ орын: Лесбекова Ұлмекен, №94 мектеп-гимназия

2. «Айтсын деп ақиқатты тіл берілген» ақындар айтысы (Қасым ханның 580 жылдығына):
•    І орын: Ибрагимов Алтынбек, №140 гимназия
•    І орын: Каримова Назгүл, Қонаев қаласы, №8 орта мектеп
•    ІІ орын: Тұрсын Шынарбек, Қарасай ауданы
•    ІІІ орын: Қонақбаев Қайырбек, №198 жалпы білім беретін мектеп

3. «Бір шығарма ізімен» әдеби сайысы (Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығына):
•    І орын: Карибекова Акбөпе Жамаубайқызы, №109 мектеп
•    ІІ орын: Сейтпанова Айдана Абайқызы, №206 мектеп-гимназия
•    ІІІ орын: Бекмұратова Арайлым Сағатқызы, №12 мамандандырылған гимназия

4. «Шешендік өнер» сайысы (Махмұд Қашқаридің 995 жылдығына):
•    І орын: Пан Айдана Жанарханқызы, №82 мектеп
•    ІІ орын: Тұрсын Ерасыл Қалмұратұлы, №188 мектеп-гимназия
•    ІІІ орын: Дүйсенбаев Сәндібек Қонысбайұлы, №146 мектеп-лицей

5. «Өмір – өнер, өнер – өлшем...» Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына:
•    І орын: Атайбекова Қарлығаш Жанатқызы, №198 жалпы білім беретін мектеп
•    ІІ орын: Бекайдарова Ұлданай Пердалықызы, №10 жалпы білім беретін мектеп
•    ІІІ орын: Кұрымбаева Жанар Темірханқызы, №177 мектеп-гимназия

Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Байқау білім мен өнердің шыңына жетуді көздеген мұғалімдер үшін тамаша тәжірибе алаңы болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:04

10:58

09:33

09:26

09:20

09:13

09:02

08:39

20:22

18:45

18:15

17:41

17:36

17:15

16:59

16:36

15:36

14:36

14:20

14:14

14:08

13:36

12:36

11:27

10:36