AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда «Тарихи лексикология және салыстырмалы-та...

Алматыда «Тарихи лексикология және салыстырмалы-тарихи зерттеулер» атты халықаралық ғылыми жиын өтті

Білім және ғылым 17.10.2021, 06:20 1,669 Almaty-akshamy
Алматыда «Тарихи лексикология және салыстырмалы-тарихи зерттеулер» атты халықаралық ғылыми жиын өтті
Cурет: Baq.kz

Ғалымдар қазақ тілінің этимологиялық сөздігін жасауды сөз етті


Алматыда «Тарихи лексикология және салыстырмалы-тарихи зерттеулер» атты халықаралық ғылыми жиын өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.


Іс-шараға лексиколог ғалымдары қатысты. 


Түркия мен Қазақстанның белгілі тіл мамандары, атап айтқанда Берікбай Сағындықұлы, Зеки Каймаз, Жамал Манкеева, Хулиа Касапоғлу Ченгел, Гүлбану Қосымова, Мағрипа Ескеева, Аябек Байниязов, Ержан Петек секілді зерттеушілер түркі тілдері мен көне ескеркіштерінің тілдік материалдарын салыстырып, зерттеу жасаудың маңыздылығына тоқталды. 


Ғалымдар қазақ тілінің үлкен этимологиялық сөздігін жасаудың алғышарттары мен принциптерін атап, сөздердің төркіні жөнінде тұжырымдарын ортаға қойды. Ғылыми конференцияны белгілі лингвист, лексиколог ғалым Шерубай Құрманбайұлы жүргізді.


«Тарихи лексикология және салыстырмалы-тарихи зерттеулер» атты халықаралық ғылыми жиынды ұйымдастырушы ұйымдардың басшылары ашты. Түрік ғалымдар қазақ зерттеушілермен ортақ ғылыми жобалар жасап, екі елдің арасында тек студент алмасу ғана емес, екі жақты оқытушы алмасу процесі жүріп жатыр. 


Токат мемлекеттік Газиосманпаша университетінің проректоры Кубулай Өзйер де түркі әлеміне ыстық қарайтынын, Орта Азия елдерімен тығыз байланыс орнатып, оқытушыларды тәжірибе алмасуға шақырып, студенттердің оқуға келіп жатқанын зор қуанышпен хабарлады. Келесі жылғы бұл конференцияны Токат қаласында өткізетінін де жеткізді. 


Түркия мемлекеттік Tүрік тілі институтының басшысы Гүрер Гүлсевин тарихи-салыстырмалы жұмыстар сонау он бірінші ғасырда Махмұд Қашқаридан басталғанын нақты мысалдармен дәлелдеп, бұл жұмыстардың осы күндерге дейін үзілмей келе жатқанын баяндады.
Халықаралық конференция аясында жас зерттеуші, түрколог Мәрлен Әділовтің Ататүрк құрған «Түрік тілі» қоғамында шыққан «Қазақ мақал-мәтелдері мен тұрақты тіркестеріндегі ескіліктер (пассив элементтер)» атты түрікше еңбегінің таныстырылымы өтті. 


Кітапта қазақ тіліндегі тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер құрамындағы мағынасы жеке тұрғанда түсініксіз әрі тұрақты тіркестерден тыс қолданылмайтын элементтерді көне, орта ғасыр түркі жазба ескерткіштері және қазіргі түркі тілдері материалдары негізінде зерттелді. Осылайша кітапта 365 ескіліктің мағынасы түркі тілдері деректері негізінде түсіндіріліп берілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақ тілі #Ғылыми жиын #Лингвист
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);