Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда «Қобданың қоңыр желі» есті

Алматыда «Қобданың қоңыр желі» есті

Мәдениет 13.10.2023, 13:44 1,336
Алматыда «Қобданың қоңыр желі» есті
Сурет: almaty-akshamy.kz

Бүгін, 13 қазан жұмада Жазушылар одағының кітапханасында «Қобданың қоңыр желі» атты қос томдықтың тұсауы кесіліп, оқырмандарға жол тартты, деп хабарлайды аlmaty-aqshamy.kz.


Қос томдықта Моңғолиядағы 100-ден астам қазақ қаламгерінің еңбектері топтастырылған.



«Қобданың қоңыр желі» алматылық әдеби қауымға бүгін жетті. Бұған дейін Моңғолиядағы қазақ қандастары ортасында және Астанада тұсауы кесіліп, арнайы іс-шаралар оздырылған болатын. Алматыдағы тұсаукесері Жазушылар одағы құрамындағы Шетел қазақ әдебиеті кеңесінің кезекті отырысы аясында өткізілді.



Жинақта Моңғолия жеріндегі қазақ қаламгерлерінен шыққан 36 прозашы мен 84 ақынның шығармаларын «проза» және «поэзия» сынды екі томға жинақталған. Аталған еңбек қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, ай маңдай ақын Сұраған Рахметұлының жетекшілігінде құрастырылған.



«Қобданың қоңыр желі» жинағының Алматыдағы тұсауын әйгілі ақын, драматург Иран Ғайып пен ұзақ жылдан бері шетел қазақ әдебиеті мен фольклорын зерттеп келе жатқан ғалым Зұфар Сейітжан кесті.


Айта кетейік, «Қобданың қоңыр желі» жинағының шығуына «Зейнолла Сәнік» мәдениет қоры қоллау көрсеткен. Қор төрағасы Қанат Зейнолла бұған дейінде Жазушылар одағы мен өзге де орталықтардың әдеби һәм мәдени іс-шараларына, жекелеген авторлардың еңбектерінің жарық көруіне қолдау көрсетіп келе жатыр.



Тұсаукесермен қатар отырыста әдеби кеңес алдағы жылдағы шетел қазақ қаламгерлерінің шығармаларын атажұрттағы оқырмандарға таныстыру бойынша жоспарларын таныстырды. Кеңес мүшелері өз ұсыныстарымен бөлісті. Сондай-ақ, шетел қазақ қаламгерлері мен олардың бірлестіктерінің жасап жатқан игі істерін де атап өтті.


Кеңес төрағасы Армиябек Сағындықұлының айтуынша Өзбекстан қазақ жазушылары мемлекеттік бағдарламамен түркі әлемінің 100 томдығын шығарған. Солардың арасында 10 томдығы қазақ әдебиетінің өкілдеріне арналған. Ал, Қытайдағы қазақ қаламгерлері Қазақстандағы әдебиет өкілдерінің 2 томдығын баспадан шығарған және оны қытай тіліне аударып таратқан.


Жазушылар одағы алдағы уақытта шетелдегі қаламгерлермен әдеби алмасуды тіпті де дамыта түсуді жоспарлап отырғанын айтады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қобда #кітап #Тұсаукесер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика