Нұрдәулет Ақыш: "АЭС - жаңа технологиялар мен ғылымның даму шыңы"

Нұрдәулет Ақыш: "АЭС - жаңа технологиялар мен ғылымның даму шыңы" Сурет: Самат Құсайынов

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына кезекті рет жолданған Жолдауына орай Қазақстан Жазушылар Одағында жиын өтті.

Жиынға елге және алыс-жақын шетелге әйгілі ақын-жазушылар, мәдениет, тіл, ғылым саласының майталмандары, зиялы қауым өкілдері және т.б. қатысты.

Басқосудың мақсаты - елдегі әділ қоғамның орнауына атсалысып, халықтың әлеуметтік-мәдени тұрмыс сапасын жақсарту.

Жиынды Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Мереке Құлкенов жүргізді.

Сонымен қатар жиынға қатынасушылар Жолдаудың халыққа пайдалы жақтарын айтып, тиімді тұстарын ортаға салды. Елде электр тапшылығын шешуге бағытталған Атом Электр Станциясын салу жөніндегі референдум туралы да ой қозғалды.

«Бұл жолғы Жолдау басқасынан өзгерек болды. Сондай-ақ 9 басым  бағытқа қарай негізделген. Әр салада шешімін табуы қажет дүниелер бар. Осы жолғы Жолдауда аталған мәселелерге толық жауап берілген. Біздің қаламгерлер осындайда үн қосып, қоғамдық істерге белсенді болғанымыз жөн. Сонымен қоса АЭС, референдум шет қалмауы тиіс. Бәрімізге белсенділік керек», - деді Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Мереке Құлкенов.

Сонымен бірге Жолдау азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, үлкен істерге ізашар болатыныны айтылды.

«Жолдауды түгел оқып шықтық. Бұқаралық ақпарат құралдарына өз ой-пікірлерімізді білдіріп келеміз. Креативті индустрия деген игі бастама көтерілді. Жалпы халық ынтымақ бірлікпен қимылдаса іс өнеді», - деді жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:24

18:52

18:51

17:10

16:47

16:20

15:58

15:43

15:40

15:39

15:09

14:48

14:25

13:43

13:30

13:11

12:55

12:23

12:09

11:45

11:11

10:45

10:27

10:25

10:22