AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыдағы мерекелік іс-шаралар Қазақстанның түкпі...

Алматыдағы мерекелік іс-шаралар Қазақстанның түкпір-түкпірінен қонақтарды жинады

Мәдениет 15.09.2024, 18:51 1,505 Nursok82
Алматыдағы мерекелік іс-шаралар Қазақстанның түкпір-түкпірінен қонақтарды жинады
Almaty-akshamy.kz

Жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде Алматыда Қала күніне арналған түрлі іс-шаралар мен бағдарламалар өткізіледі. Осындай іс-шаралардың бірі-Тұңғыш Президент атындағы саябақтың аумағында өтетін ауқымды «Алма Fest». Мұнда бүгін концерттер, кино көрсетілімдері, қолөнершілер жәрмеңкесі, әртүрлі  алма түрлер мен сорттардың көрмелері мен Алма жәрмеңкесі және т.б. өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Мегаполис тұрғындары мен қонақтары мерекелік іс-шаралардан алған әсерлерімен бөлісті.

Қостанайдан Алматыға келген Клара Қуанышқызы мерекелік іс-шарадан алған әсерлері туралы айтып берді:

«Мен өзім Қостанайдан келдім, балаларға қонаққа келдім. Осы мереке күні біз достарымызбен кездесіп, қаланы араладық. Іс-шара жоғары деңгейде өтуде. Және ауа-райы да тамаша. Барлық жерде адамдардың қуанышты жүздері бар. Маған бәрі ұнады. Алматы әлі де әдемі ландшафттары бар ерекше қала. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын! Баршаңызға бақыт тілеймін, Алматы мен Қазақстан гүлденсін», - деп бөлісті ол.

Мерекенің 9 жасар Кәусар есімді кішкентай қонағы  анасы Айнұрмен бірге келді:

 

«Мен саябаққа анаммен бірге концертті тамашалауға келдім. Біз би биледік, ойнадық, әдемі фонда суретке түстік, алма мен балмұздақ жедік. Маған бәрі ұнады. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын», - деп бөлісті қыз қуанышпен.

Алматы тұрғыны Ләззат ұйымдастырушыларға да алғысын білдірді:

«Іс-шара үшін көп рахмет! Барлығы өте түрлі-түсті, әдемі, бізге бәрі ұнады. Ал бүгін ауа-райы қуантады! Баршаңызды тағы да мерекемен құттықтаймын!».

Алматыда Қала күнін мерекелеу барлық ұрпақ үшін жарқын оқиға болды. Дәстүрлі концерттер, әртістердің қойылымдары, ойындар мен жарқын фотоаймақтар ұмытылмас атмосфера тудырып, бұл күнді қаланың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алма Fest #Алматы #қала к.ні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);