Адам өміріне араша болған
Өрт шыққан пәтерде қыз бала болып, балкондағы жалынды көріп, шұғыл сыртқа шығып, айналадағы адамдардан көмек сұрады. Сол сәтте үйге жақын маңдағы мектептегі сайлау учаскесінде кезекшілікте тұрған №1 және №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, азаматтық қорғау кіші сержанттары Рахымжан Еркінұлы және Орынбасар Жетпісбаев қыз баланың даусын ести сала оқиға орнына жедел жетті.