Қазақстан құтқарушылары әлем чемпионатына қатысып жатыр

Қазақстан құтқарушылары әлем чемпионатына қатысып жатыр Сурет: ТЖМ

Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында өрт-құтқару спортынан ерлер арасында XVII, әйелдер арасында VІII әлем чемпионаты салтанатты жағдайда ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь, Әзербайжан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түркия, Ресей, Иран, Қытай Халық Республикаларынан 11 ұлттық ерлер командасының құрамасы және Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь елдері мен Ресей Федерациясынан 4 ұлттық әйелдер командасының құрамасы қатысады.



«Біздің еліміздің намысын ерлер мен әйелдер командасындағы әлемдік деңгейдегі спортшылар қорғайтын болады. Чемпионат аясында өртке қарсы авариялық-құтқару жабдықтарының халықаралық көрмесі, өртті сөндіру және алдын алу саласындағы нанотехнологиялардың көрсетілімі ұйымдастырылды», - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.



Бұл іс-шараның мақсаты - өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығын дәріптеу, кәсіби және спорттық шеберлікті арттыру, достық байланыстарды нығайту, түрлі елдердің өрт сөндіру-құтқару қызметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайту және халықаралық деңгейде өрт сөндіру-құтқару спортын одан әрі дамыту.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:00

08:33

17:25

16:16

15:55

14:44

12:51

11:46

10:28

09:20

19:56

17:41

16:38

15:06

14:32

12:33

11:15

10:33

09:24

18:10

17:58

17:46

17:17

17:07

16:41