Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ТЖМ құтқарушылары әуе кемелеріндегі өрттерді сөнді...

ТЖМ құтқарушылары әуе кемелеріндегі өрттерді сөндірудің тактикалық тәсілдерін пысықтауда

Әлеумет 18.11.2024, 15:19 888
ТЖМ құтқарушылары әуе кемелеріндегі өрттерді сөндірудің тактикалық тәсілдерін пысықтауда
Сурет: Gov.kz

«Павлодар» әуежайында оқу-жаттығулар өтті, оның мақсаты - әуе кемесінің бортында төтенше жағдайлар кезінде түрлі қызметтердің іс-қимылдарына дайындықты арттыру және үйлестіру.

Павлодар облысы ТЖД бөлімшелері мен әуежай қызметкерлері адамдарды ұшақтан тез және қауіпсіз эвакуациялау бойынша жаттығулар өткізді, әуе кемесінің бортында өртті тиімді сөндіру үшін әдістер мен жабдықтар пысықталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Оқу-жаттығудың тактикалық ойына сәйкес, Boeing 737-300 әуе кемесі қону кезінде реактивті қозғалтқыштың механикасы зақымданып 106 шаршы метр аумағында жану орын алды. Әуе кемесінің командирі әуе диспетчеріне төтенше жағдайдың туындауы, апаттық қону және өрт сөндіру экипажының қажеттілігі туралы ақпарат берді. Апатқа ұшыраған ұшақтан кейін шұғыл қызмет мамандары шартты зардап шеккендерді эвакуациялауға және өртті жоюға дереу кірісті.

Сондай-ақ, осындай оқу-жаттығу «Әулие Ата» халықаралық әуежайында өткізілді. Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың сценариі бойынша «Талдықорған-Шымкент» әуе бағыты бойынша ұшқан жолаушылар ұшағының қозғалтқыш бөлшегі ақауға ұшырап, «Әули-Ата» халықаралық әуежайына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Ұшақ апатты жағдайда қону барысында жанармай багы зақымдануы салдарынан авиациялық отынның төгілу жағдайы орын алып, өрт шыққан. Ұшақтағы өртті сөндіру үшін көмекке өрт сөндіру қызметін шақырған әуежайдағы жергілікті өрт сөндірушілер, олар келіп жеткенге дейін өрт сөндіру жұмыстарын жүргізді. Ал одан әрі оқиға орнына жедел жеткен Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдары өртке оранған ұшақты сумен, көбікпен сөндіру жұмыстарын атқарып, сондай-ақ адамдарды құтқару және қауіпсіз орынға көшіру жұмыстарымен айналысқан. Өрт оқиғасы орнында 2 жауынгерлік участок құрылып, 5 адам құтқарылып, 85 адам қауіпсіз орынға көшірілді. Зардап шеккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетіліп, жедел түрде ауруханаға жөнелтілді.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығулар соңында ұшақтағы өртті сөндіру бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқу-жаттығулар қорытындыланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТЖМ #құтқарушылар #өрт сөндіру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика