AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алаяқтарға алданып үйінен айырылып қалғалы тұрған...

Алаяқтарға алданып үйінен айырылып қалғалы тұрған ардагер журналист жағымды жаңалығын айтты

Оқиға 12.08.2025, 17:54 739 Сұлу
Алаяқтарға алданып үйінен айырылып қалғалы тұрған ардагер журналист жағымды жаңалығын айтты
интернет

Алаяқтардың арбауына түсіп, жалғыз баспанасынан айырылып қала жаздаған филология ғылымдарының докторы, профессор, ардагер журналист Кәкен Қамзин жақсы жаңалығын айтты, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Жағдай қалай болды?

Қазақ журналистикасының абыз ұстазы, бірнеше буынды тәрбиелеген Кәкен Қамзин биыл шілденің басында алаяқтардың құрбанына айналды. Алдымен өздерін "Энергосбыт" қызметкерлері ретінде таныстырған алаяқтар оның мекенжайы, ЖСН және пәтер туралы деректерін алып, кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің атын жамылып хабарласқан. "Үйіңізді тартып алғалы жатыр" деген сылтаумен шұғыл сатуға көндіріп, сатылымнан түскен ақшаны "Ұлттық банктің арнайы шотына сақтаймыз" деп алдап, курьер арқылы алып кеткен.

Полиция не дейді?

Осы оқиғадан кейін Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция департаментінде қылмыстық іс қозғалды. Қоғам белсенділері, журналистер мен саясаткерлер бұл істі назарға алып, ардагер ұстазға көмектесу үшін үндеу жасады.

Ардагер журналистің жаңалығы

Кәкен Қамзин үйін қайтарып алу үшін 5 шілдеден бастап елден "жылу" жинауға мәжбүр болды. Бұл қадам оның өзі үшін де, отбасы үшін де оңай болмағанын айтады.

"Өлімнен ұят күшті. Бірақ сіздердің шынайы жанашырлықтарыңыз, қолдауларыңыз, жылы сөздеріңіз бізге үміт сыйлады", – деп жазды ол.

Жиналған қаржы 9 529 836 теңгеге жеткенде, тағы бір қуанышты жағдай болды: бір қайырымды азамат (аты-жөнін атамауды сұраған - еск.) жетпей тұрған 23 миллион теңгені қолма-қол әкеліп берген. 

Кәкен Қамзин бұл сәтті жүрек толқыныспен сипаттады. 

"Бұл тек қаржылай көмек емес, бұл - сенімнің, бірліктің, мейірімнің нағыз көрінісі. Ол азаматқа Алла разы болсын!Отбасына, өзіне тек жақсылық тілеймін! Ризашылығымды білдіремін!” – деп ризашылығын білдірді.

Үйді қайта рәсімдеу басталады

Алдағы күндері ол сатып алушы отбасыға толық ақшасын қайтарып, үйін өз атына қайта рәсімдеуге кірісетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, көмек көрсеткен, жылы сөз айтқан, сұхбат алған, дұға жасаған баршаға шын жүректен алғыс айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ардагер журналист #Кәкен Қамзин #Алаяқтар #үй #алдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);