AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ақтөбеде "баспана алып беремін" деген желеумен көп...

Ақтөбеде "баспана алып беремін" деген желеумен көпбалалы келіншекті алдаған әйел сотталды

Оқиға 09.12.2025, 17:00 899
Ақтөбеде "баспана алып беремін" деген желеумен көпбалалы келіншекті алдаған әйел сотталды
сурет: istockphoto.com

Ақтөбеде танысын "Отбасы банк" арқылы жеңілдетілген бағдарлама бойынша баспана алып беремін деп сендіріп, ірі көлемде ақша алған әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі «Диапазон» газетіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, алаяқтық әрекетке барған 39 жастағы әйел көпбалалы анаға жеңілдікпен үй алуға мүмкіндік барын айтып, соған көзін жеткізген. Жәбірленуші оған бастапқы жарна ретінде 2 миллион теңге аударған. Алайда уәде етілген баспана берілмеген соң, әйел полицияға жүгінген.

Тергеу барысында айыпталушының тағы бір жәбірленушіден 3 миллион теңге алғаны анықталды.

Сотта күдікті өз кінәсін толық мойындап, «Отбасы банкке» еш қатысы жоғын, жалған уәде бергенін айтты. Оның айтуынша, ақшаның бір бөлігін құрылыстың бастапқы кезеңінде (котлован сатысында) пәтер сатып алуға жұмсамақ болған, бірақ мәміле жүзеге аспаған. Кейін ол жәбірленушілердің қаражатын өз ем-домына шығын еткенін мойындады.

Сот айыпталушының екі баласы барын және қазір үшінші баласын күтіп жүргенін ескерді. Амнистия нормаларын қолдана отырып, әйелге 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар ол жәбірленушілерге келтірілген 5 миллион теңге материалдық шығынды өтеуге міндеттелді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алдау #алаяқтық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Адал еңбек» іс жүзінде: Алматы жастарына мансап мүмкіндіктері таныстырылды

Бүгін 17:10

Абай- ұлттың шамшырағы

Бүгін 17:07

Атом саласына маман даярлау: Қазақстан жастарға қандай мүмкіндік ұсынып отыр?

Бүгін 16:25

Алматы орталығындағы Төле би және Қазыбек би көшелерінің кей бөліктері уақытша жабылады

Бүгін 16:10

Қазақстан АЭХА Бас конференциясының 70-ші сессиясында ұлттық мәлімдеме ұсынды

Бүгін 15:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);