AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Мол табысты уәде ететін хабарландырулар несімен қа...

Мол табысты уәде ететін хабарландырулар несімен қауіпті?

Керек кеңес 04.02.2026, 12:50 322
Мол табысты уәде ететін хабарландырулар несімен қауіпті?
Сурет: Жасанды интеллект, Aqshamnews.kz

Қазір интернетте "оңай әрі мол табыс" уәде ететін хабарландырулар көбейді. Онлайн жұмыс ыңғайлы көрінгенімен, оның артында үлкен тәуекел мен қауіп жатуы мүмкін. Әсіресе жоғары жалақы ұсынып, ешқандай тәжірибе талап етпейтін ұсыныстарға сақтықпен қарау қажет. Aqshamnews.kz тілшісі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ақпаратына сүйене отырып, мұндай хабарландырулардан қалай сақтану керегін баяндайды.

Дропперлік деген не?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің түсіндіруінше, дроппер (ағылшынша drop) - үшінші тұлғалардың өтініші бойынша өз банктік картасын немесе шотын пайдаланып, ақша қабылдайтын, аударатын, қолма-қол ақшаға айналдыратын адам. Көбіне бұл қаражат интернет-алаяқтық жолымен алынады.

Алаяқтар дропперлерді ұрланған ақшаның ізін жасыру, аударымдар тізбегін шатастыру және жауапкершілікті басқа адамға аудару үшін пайдаланады. Банктер мен құқық қорғау органдары үшін қылмыстық схемадағы негізгі "қолда бар тұлға" - дәл сол карта немесе шот иесі.

Алаяқтар қандай тәсілдерді қолданады?

Интернет-алаяқтар көбіне:

  • "үйде отырып жұмыс істеу",
  • "аударымдар үшін көмекші",
  • "қарапайым тапсырмалар, жоғары табыс" деген сипаттағы хабарландыруларды таратады.

Кей жағдайда дропперді жалған интернет-дүкеннің директоры ретінде көрсетеді. Мұндай дүкеннің сайты, құжаттары, тіпті жалған пікірлері де болуы мүмкін. Клиенттер алдын ала төлем жасап, нәтижесінде тауарсыз да, ақшасыз да қалады. Дүкен жабылған соң, ұйымдастырушылар табылмайды, ал жауапкершілік формалды түрде директор - дропперге жүктелуі ықтимал.

Тағы бір кең тараған әдіс - "курьер" немесе "қаржылық көмекші" ретінде тарту. Жұмысқа қабылдау сылтауымен жеке куәліктің көшірмесін, банк картасының деректерін сұрайды. Кейін бұл мәліметтер алаяқтық мақсатта пайдаланылады.

Мұндай схемаларға кімдер жиі алданады?

Дропперліктің құрбаны әртүрлі адамдар болуы мүмкін. Дегенмен, алаяқтар көбіне:

  • қосымша табыс іздеген студенттер мен жастарды;
  • жұмыссыз немесе қаржылық қиындықтағы адамдарды;
  • "оңай ақшаға" сенетін азаматтарды нысанаға алады.

Олар адамдарды барынша асықтырып, " ақшаны қазір аудару керек", "уақыт шектеулі" деп қысым жасайды. Мұндай жағдайда адам қандай тәуекелге бара жатқанын бағамдай алмай, келісе салады.

Нақты өмірден алынған жағдайлар

Fingramota.kz сайтында жарияланған мысалдар дропперлік схемалардың салдарын айқын көрсетеді.

Студент Алмас әлеуметтік желіден аударымдар үшін пайыз уәде еткен жұмыс табады. Бірнеше күннен кейін оның картасына ірі сомалар түсіп, ол оларды әрі қарай аудара бастаған. Көп ұзамай банк шотты бұғаттап, тергеу басталады. Алмас қылмыстық іске қатысушы ретінде жауап беруге мәжбүр болған.

Жұмыссыз Жанна "шетелдік клиенттерге көмектесу" ұсынысына келісіп, банк шотын ашады. Бірнеше операциядан кейін аударымдар күдікті деп танылып, ол өз әрекетінің заңсыз екенін білмегенін дәлелдеуге тырысқан.

Ал Сәкен есімді жігітке банктік аударымдармен қашықтан жұмыс жасау ұсынылған Сомалары аз, ал тапсырмалары қарапайым болып көрінді. Бірнеше операциядан кейін банк шотты тоқтатып, түсініктеме сұрады. Жас жігіт қиын жағдайға тап болды: ақшаға қол жеткізбестен және жауапкершілікке тарту қаупі бар. 

Бұл жағдайлардың бәріне ортақ бір мәселе бар: адамдар ақшаның қайдан келгенін және қандай мақсатта аударылып жатқанын нақтыламаған.

"Мен білмедім" - ақталу емес

Көпшілік "ақшаны ұрлаған адам ғана жауап береді" деп ойлайды. Алайда іс жүзінде қаражат өткен картаның немесе шоттың иесі жауапқа тартылады. Мұндай жағдай:

  • банктік шоттардың бұғатталуына;
  • банктердің "қара тізіміне" енуге;
  • зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеу міндетіне әкелуі мүмкін.

Адам қаражаттың қылмыстық жолмен алынғанын білмесе де, оны дәлелдеу өте қиын.

Қандай жауапкершілік бар?

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 232-1-бабына сәйкес, 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап дропперлік үшін жеке қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Атап айтқанда:

  • өз банктік картасын немесе шотын үшінші тұлғаларға беру - 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
  • басқа тұлғалардың мүддесі үшін аударымдар мен төлемдер жасау - 5 жылға дейін;
  • қылмыстық схемаларда банктік қолжетімділікті қасақана пайдалану - 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Қалай сақтануға болады?

Fingramota.kz мамандары мынадай қарапайым, бірақ маңызды кеңестерді ұсынады:

  • банктік картаңызды, деректемелеріңізді және онлайн-банкингке қолжетімділікті бөтен адамдарға бермеңіз;
  • ақшаның шығу көзі мен операцияның мақсаты түсініксіз болса, сыйақы үшін аударым жасауға келіспеңіз;
  • ресми шартсыз және нақты жұмыс берушісі жоқ "оңай табыс" ұсыныстарынан аулақ болыңыз;
  • күмәнді ұсыныстарды жақындарыңызбен немесе мамандармен талқылаңыз.

Есіңізде болсын: заңды жұмыс сіздің жеке банктік картаңызды пайдалануды талап етпейді. Ал "оңай табыс" уәде еткен хабарландырудың соңы ауыр салдарға әкелуі мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#хаьарландыру #мол табыс #алдау #арбау #Алаяқтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика