AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ТЖМ құтқарушылары су айдындарында 7 мыңнан астам р...

ТЖМ құтқарушылары су айдындарында 7 мыңнан астам рейд пен патрульдеу жүргізді

Әлеумет 20.12.2024, 08:34 1,188
ТЖМ құтқарушылары су айдындарында 7 мыңнан астам рейд пен патрульдеу жүргізді
Сурет: ТЖМ

ТЖМ бір ай бұрын 16 қарашада басталған «Мұз-2024» республикалық үгіт-профилактикалық акциясының аралық қорытындысын шығарды.

Қазақстанның солтүстігінде мұздың қалыңдығы қауіпсіз деңгейге жетсе, оңтүстігінде мұз қату кезеңі енді ғана басталды.

Бірқатар өңірлерде, мәселен Атырау, Қызылорда, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында су айдындарының мұз жамылғысы алдамшы, яғни мұз әлі толық қатқан жоқ, деп хабарлайды aqshamnews.kz ТЖМ сайтына сілтеме жасап. 

 Акция аясында ТЖМ құтқарушылары мобильді топтардың құрамында еліміздің  су айдындарында 7 268 рейд пен патрульдеуді жүзеге асырды.

 Рейдтер барысында мұзда үстіндегі қауіпсіздік және мұзда балық аулау ережелері түсіндіріледі, барлығы 52 284 адамға нұсқау берілді. Олардың жартысынан көбі балық аулау әуесқойлары мен аңшылар. Ең жоғары тәуекел аймағындағы халықты көбірек қамту үшін балық аулау құралдары мен басқа да аңшылық керек-жарақтарын бөлшек саудада сатудың 760 нүктесі қамтылды, әр дүкенде үгіт материалдары таратылды.

Тек акция кезеңіндегі рейдтік іс-шаралар кезінде 9 ересек адам мен 2 баланың қаза болуының алдын алды, қар құрсауында көлікте тұрып қалған адамдарға көмек көрсетілді, Шардара су қоймасының жағасынан 10 км қашықтықта тұманда адасқан 2 балықшы табылып, эвакуацияланды.

Айта кету керек, мұндай жағдайлар қарапайым қауіпсіздік ережелерін бұзу  кінәсінен болады. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тек акция кезеңінде 156 хаттама жасалды, жалпы сомасы 4 млн. астам теңге айыппұл салнәтижесінде адамдардыңынды. Бұл жағдайда айыппұл өлімнің алдын алу құралы болып табылады.

«Мұз-2024» республикалық үгіт-профилактикалық акциясы 2025 жылғы қыс мезгілі соңына дейін және жұқа мұз кезеңі бойы өткізілетін болады! ТЖМ-нің негізгі міндеті – адам өлімінің алдын алу және су айдындарындағы (мұздағы) қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға (соның ішінде жұқа мұзға) жедел ден қою!

  ТЖМ қараңғыда, нашар көрінген кезде және мұздың қатуы мен еруі кезінде мұзға шығуға қатаң тыйым салынатынын, және мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін 10 сантиметрден кем емес екендігін  ескереді.

Мұзда болған кезде:

1) мұздың жұқа және толық қатпаған жерлеріне шығуға;

2) мұздың жекелеген (қауіпті) учаскелерінде топтармен жиналуға;

3) мұздағы ойықтарға, жарықтарға жақындауға;

4) өткелдер үшін бөлінген орындардың шекарасынан тыс көлік құралдарымен мұзға шығуға;

5) от жағуға;

6) 20 сантиметрден аз қашықтықта екі тесікті, ал басқа жұп тесіктерден 2 метрден аз қашықтықта екі тесікті тесу;

7) мұзда жабдықтар мен қоқыстарды қалдыруға жол берілмейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су айдындары #құтқарушылар #патрульдеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06

Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобасы тұрақты бақылауда – Энергетика министрлігі

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);