Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Такси жүргізушілері жеке кәсіпкер ретінде тіркелуг...

Такси жүргізушілері жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетеледі

Әлеумет 09.01.2024, 10:42 1,457
Такси жүргізушілері жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетеледі
Сурет: ашық дереккөз

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов енді елімізде такси жүргізушілері жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуге міндетті екенін айтты, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Үкіметтің баспасөз орталығында журналист вице-министрге "Қазақстанда "Яндекс. Такси" және тағы басқа такси парктерінің жүргізушілері бар. Мысалы, бүгін мен жұмысқа таксимен келдім. Жолақысын мобильді аударым арқылы төледім. Ақша такси жүргізушісінің әйелінің атына түсті. Енді такси жүргізушілері мен курьерлер салықты қалай төлейді? Олар үшін салықты компания төлей ме?", - деп сұрақ қойды.


Ержан Біржанов такси жүргізушілері жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті екенін жеткізді.



"Бүгінде такси жүргізушілері үшін арнайы салық режимі бар. Заңға сәйкес, олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, мобильді қосымша арқылы 1 пайыз салық төлей алады. Олар міндетті түрде салық органдарына келіп, тіркелуі керек немесе мобильді қосымша арқылы онлайн (жеке кәсіпкер ретінде) тіркеле алады. Оларға жағдай жасалған", - деді ол.



Сондай-ақ, министрдің орынбасары заңға өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді.



"Біз операторды салық төлеуші ретінде тіркеуді қарастырып жатырмыз. Осындай ұсыныс бар. Мысалы, такси жүргізушісі оператор арқылы жұмыс істесе, ол салықты оператор ұстап, бюджетке аударса, біз оны (салық төлеу - еск.) міндетінен босатуды қарастырып жатырмыз. Бұл енді болашақ кодекстің нормасы болады деп ойлаймыз. Мәселені бизнеспен (кәсіпкерлермен - еск.) талқылап жатырмыз. Қазір қолайлы жағдай бар. Такси жүргізушілері мобильді қосымша, патент арқылы (жеке кәсіпкер ретінде - еск.) тіркеліп, 1 пайыз салық төлеуі керек. Бүгінде такси жүргізушілері қызмет атқарып, қолма-қол ақша алатын болса, операторлар тарапынан мұндай жүргізушілердің рейтингі төмендеп, тапсырысы азаюы мүмкін. Ондай жағдай бізде жиі тіркеліп жатыр. Сондықтан такси жүргізушілері заң аясында жұмыс істеуі керек деп ойлаймын", - деді Ержан Біржанов.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Такси #кәсіпкер #яндекс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика