Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда жойқын жер сілкінісі кезіндегі іс-қимы...

Қазақстанда жойқын жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар бойынша ауқымды оқу-жаттығу өткізілді

Әлеумет 04.06.2024, 17:26 754
Қазақстанда жойқын жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар бойынша ауқымды оқу-жаттығу өткізілді
Сурет: Gov.kz

Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында орналасқан.  

Оқу-жаттығудың екінші күні жойқын жер сілкінісінің салдарын жою кезінде авариялық-құтқару құралымдарының практикалық іс-қимылдарын пысықтау жалғастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Осындай іс-шаралар еліміздің барлық сейсмикалық қауіпті өңірлерінде Алматы, Шымкент қалаларында, Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында өткізілді. Қалған өңірлерде апат аймақтарына күштер мен құралдарды жіберу ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығу еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде тұратын халықты жер сілкінісі мен басқа да төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарға жаппай үгіт-насихат жүргізуге және оқытуға бағытталған бірыңғай кешенді міндет форматында өтті.

Халықты жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға оқыту мақсатында «жер сілкінісі кезіндегі 10 қадам» және «дабыл чемоданын жасақтау» жадынамаларын тарата отырып, жалпы саны 300 мың адамды қамтитын 5 мыңға жуық көпқабатты тұрғын үй мен 23 мың жеке тұрғын үйді аралау жүргізілді. Зардап шеккен халықты қабылдау пункттерін орналастыру туралы ақпараты бар 24 мыңнан астам дана QR кодтары орнатылды.

Оқу-жаттығу барысында мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру, халықты хабардар ету, эвакуациялау, зардап шеккен халықты орналастыру, медициналық және психологиялық көмек көрсету, оқу-жаттығу жоспарына сәйкес тұрақты орналасқан пункттерден жиынтық топтарды қалыптастыру, тасымалдау және төтенше жағдай аймағына көшіру, құтқару құралымдарының күштері мен құралдарын басқару, сондай-ақ волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс мәселелері пысықталды.

Барлық мүдделі қызметтер мен ұйымдарды тарта отырып, 203 тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді, оған 5 мың адам және 1 мың бірлік техника, оның ішінде әуе кемелері тартылды. Зардап шеккен халыққа арналған 20 лагерь, 10 жылжымалы госпиталь, сондай-ақ 10 далалық басқару пункті ашылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Жер-2024 #оқу-жаттығу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика