Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда экспорттық-кредиттік агенттік құрылуы...

Қазақстанда экспорттық-кредиттік агенттік құрылуы мүмкін

Әлеумет 09.09.2022, 09:10 1,613
Қазақстанда экспорттық-кредиттік агенттік құрылуы мүмкін
Сурет: Oblgazeta.ru

Заң жобасы Парламенттің төменгі палатасының қарауына жіберіледі.


Сауда және интеграция министрлігі «Экспорттық-кредиттік агенттік туралы» заң жобасын әзірледі. Талқыдан соң құжатты Парламент Мәжілісінің қарауына жіберу жоспарланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Заң жобасы экспорттық-кредиттік агенттіктің құқықтық жағдайын, қызмет тәртібін, мақсатын, міндеттері мен өкілеттігін, оның мемлекеттік органдармен, кәсіпкерлік субъектілерімен отандық шикізаттық емес тауарлардың экспортын дамыту және ілгерілету саласындағы өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды», - делінген министрлік ұсынған заң жобасында.



Құжатқа сәйкес, экспорттық-кредиттік агенттік мынадай міндеттерді атқарады:


- отандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушылар жасасатын экспорттық мәмілелерді ерікті сақтандыру арқылы шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ынталандыру;


- отандық экспорттаушыларды және олардың шикізаттық емес тауарларын сатып алатын шетелдік сатып алушыларды қаржыландыру кезінде Екінші деңгейдегі банктердің және қаржы ұйымдарының, Қазақстанның Даму Банкінің, өнеркәсіпті дамыту қорының тәуекелдерін сақтандыру арқылы экспортты қаржыландыруды қамтамасыз ету;


- отандық экспорттаушыларды қаржылық қолдауды кеңейту үшін ерікті сақтандыру шарттары бойынша тәуекелдерді қазақстандық және шетелдік сақтандыру ұйымдарына, өзге де экспорттық-кредиттік агенттіктерге қабылдап, қайта сақтандыруға беру;


- отандық экспорттаушыларға, импорттаушыларға немесе қаржы ұйымдарына, шетелдік контрагенттерге, шикізаттық емес тауарлардың тапсырыс берушілеріне экспорттық мәмілелер бойынша кепілдіктер беру;


- экспортты алдын ала қаржыландыру мақсатында екінші деңгейлі банктерде, қаржы институттарында шартты түрде ақша орналастыру арқылы шикізаттық емес тауарлардың экспортын ынталандыру;


- инвестициялау елінің аумағында инвестициялық салымдарды жүзеге асыратын ҚР резиденттерінің инвестицияларын сақтандыру;


- отандық экспорттаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін шикізаттық емес тауарларды экспортқа шығруда оларға сервистік-ақпараттық қолдау көрсету;


- республика экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететін өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысу және басқа да міндеттер.


Жоспар бойынша экспорттық-кредиттік агенттік сыртқы нарыққа талдау жүргізу, несие және лизингтік мәмілелер негізінде берілетін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау функцияларын атқарады. Сонымен қатар, құрылуы мүмкін ұйым шикізаттық емес отандық тауарларды сатып алуға ниетті шетелдік компанияларды іздеумен, оларды тартумен айналысады. Дегенмен жаңа заңға сәйкес, экспорттық-кредиттік агенттікке кәсіпкерлік қызмет ретінде мәмілелерді жүзеге асыруға және операцияларды жүргізуге тыйым салынады.


Заң жобасы 22 қыркүйекке дейін ашық талқыға шығарылған. Кейін Парламенттің төменгі палатасының қарауына жіберіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#заң #жоба #проект #закон #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика