Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Мемлекеттік қуыршақ театры тұңғыш рет "Менің атым...

Мемлекеттік қуыршақ театры тұңғыш рет "Менің атым Қожа" спектаклін ұсынады

Барлығы 12.11.2025, 16:59 343
Мемлекеттік қуыршақ театры тұңғыш рет "Менің атым Қожа" спектаклін ұсынады
Алматы әкімдігі

Биыл 13-14 қараша күндері Мемлекеттік қуыршақ театры қазақ әдебиетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" повесі тұңғыш рет қуыршақ бейнесінде тіл қатпақ. Қазақ балалар әдебиетінің үздік туындылары қатарында өзіндік жаңаша бағыт пен терең астарлы тақырыптарды қамтыған әйгілі шығарма енді қуыршақ театры сахнасында қайта жаңғырмақ.

Жетпіс жылға жуық уақыт өтсе де, қаймағы бұзылмаған Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым – Қожа" повесі бүгінгі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Бұл туынды арқылы талай буын ізгілік пен кереғарлықтың, еркіндік пен еркеліктің аражігін ажыратып, адамдықтың ақ жолын таңдауға үйренді. 

Қуыршақ театры сахнасына лайықтап, қайта түрлендірген инсценировка авторы – жас драматург Дамир Амантай, ал спектакльдің режиссері – қуыршақ театры өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, түрлі жанрдағы спектакльдерді сахналап жүрген Еркебұлан Қабдыл. 

Еркебұлан Қабдыл: "...Жаңа спектакльде көрерменге бұрыннан таныс Қожаның бейнесі жаңаша қырынан ашылады. Оның тентектігі мен еркелігінің астарында жатқан адамгершілік, қамқорлық және таза сезім нәзік түрде көрініс табады. Қожаның Жанарға деген риясыз сүйіспеншілігі, Жантасқа деген жанашырлығы мен әділдікке ұмтылысы арқылы шығарманың басты идеясы – балалық пен адамдықтың үйлесімі – сахнада көркем қуыршақ тілімен әсерлі баяндалады..." - дейді режиссер. 

"Менің атым Қожа" – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан қазақ әдебиетінің қазынасы. Бұл туындының қуыршақ театры сахнасында жаңаша түрленуі – ұлттық мәдениет пен заманауи өнердің тоғысуының айқын көрінісі. Спектакль жас көрерменге өмірдің мәнін, адамдық пен ізгіліктің құндылығын ұқтырып, жүрекке жылылық ұялатады. 

Мемлекеттік қуыршақ театры бұл спектакль арқылы көрермендерін Қожаның әлеміне саяхат жасап, балалықтың мөлдір сезімдері мен шынайы адамгершілік құндылықтарын қайта сезінуге шақырады.

Күні мен уақыты: 13 қараша 14:00, 14 қараша 14:30
Орны: Мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин к-сі, 63

Телеграм арнаға жазылыңыз
#театр #Менің атым Қожа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

СІМ Польшада қаза тапқан қазақстандыққа қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін 09:34

Алматы қаласының белсенді жастары жаңа Конституция жобасын қолдады

Бүгін 09:20

Алматылық онколог сүт безі қатерлі ісігінің алғашқы белгілері туралы айтты

Бүгін 09:16

Қарлы боран, көктайғақ: жұма күні ел өңірлерінде ауа райы қандай?

Бүгін 09:09

Алматыда Қазақстанның қаржы секторы алдағы референдумды қолдады

Кеше 18:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика