AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Медеу ауданында жыл аяғына дейін көше жарығы 100 п...

Медеу ауданында жыл аяғына дейін көше жарығы 100 пайыз қамтамасыз етіледі 

Барлығы 12.11.2025, 14:37 574
Медеу ауданында жыл аяғына дейін көше жарығы 100 пайыз қамтамасыз етіледі 
Алматы әкімдігі

Алматының Медеу ауданында сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңғырту жалғасып жатыр. Биыл жыл соңына дейін ауданның барлық көшесі, орталық және жеке аумақтар, соның ішінде бау-бақша серіктестіктері де жарықтандырылады. Бұл туралы аудан әкімі Еркебұлан Оразалин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында айтты.

"Медеу ауданындағы жарықтандырылмаған көшелер мен бау-бақша серіктестіктерінде жаңа сыртқы жарықтандыру желілерін салу" жобасы аясында 2 598 шам мен 33 басқару шкафы орнатылып жатыр. Жаңа желілердің ұзындығы 70 шақырым. Бүгінде 114 учаскенің 100-інде жұмыс аяқталған.

Сондай-ақ, тұрғын үйлердің қасбетін сәулеттік жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс 75 үйді қамтиды, оның 69-ы ағымдағы жөндеуден өтіп жатыр, ал 51-і сәндік шамдармен толық жарықтандырылады. Мұндай жарықтандыру  әл-Фараби және Достық даңғылында, Пушкин, Жолдасбеков және Райымбек батыр көшелерінде жүзеге асырылады.

Атқарылған жұмыстар Медеу ауданында көше жарығын жүз пайыз қамтумен қатар, кешкі уақытта қауіпсіздік деңгейін арттыруға және жайлы қалалық орта құруға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медеу ауданы #Жарық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);