Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / 16 қарашада Алматыда жолдың бір бөлігі уақытша жаб...

16 қарашада Алматыда жолдың бір бөлігі уақытша жабылады

Барлығы 12.11.2025, 16:48 442
16 қарашада Алматыда жолдың бір бөлігі уақытша жабылады
Алматы әкімдігі

2025 жылы 16 қараша күні Алматыда "Бірінші болу батылдық" корпоративтік қоры ұйымдастырған маусымның соңғы City Run жүгіру жарысы өтеді. Биыл жарысқа 20 елден келген 2 500 адам қатысады.

Ұйымдастыру комитеті қала тұрғындары мен қонақтарын жарыс күні кейбір көшеде көлік қозғалысы уақытша шектелетінін хабарлайды.

16 қараша күні сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін жүгіру бағыты өтетін учаскелерде қозғалыс ішінара шектеледі.Қатысушылар жүгіріп өткен жол біртіндеп ашылып отырады. Жарыстың сөресі мен мәресі Астана алаңында орналасады. Осыған байланысты Төле би көшесінде, Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі аралықта, 2025 жылы 15 қараша сағат 04:00-ден 16 қараша сағат 12:00-ге дейін екі бағыттағы қозғалыс толықтай тоқтатылады. Қозғалыс Төле би көшесінде Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін толықтай жабылады. Балама бағыт – Мақатаев көшесі, екі бағытта да қозғалыс ашық.

Қозғалыс Наурызбай батыр көшесінде Төле би көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін толықтай тоқтатылады.

Қозғалыс Бөгенбай батыр көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін сағат 08:00-ден 09:35-ке дейін толықтай тоқтатылады.

Қозғалыс Қабанбай батыр көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін сағат 08:00-ден 09:15-ке дейін толықтай тоқтатылады.

Қозғалыс Шевченко көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін сағат 08:00-ден 08:55-ке дейін толықтай тоқтатылады.

Қозғалыс Құрманғазы көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін сағат 08:00-ден 08:35-ке дейін толықтай тоқтатылады.

Мәлімет жүгіруге қатысушыларының қозғалысын барынша тиімді ұйымдастыру мақсатында енгізілді.

"City Run – 2025" жүгіру жарысына байланысты жолды уақытша жабу кестесі

15.11.2025

15 қараша сағат 04:00-ден 16 қараша сағат 12:00-ге дейін

Төле би көшесі (Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін) – қозғалыс толықтай тоқтатылады.

16.11.2025

08:00-ден 10:00-ге дейін

Төле би көшесі (Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін).

Балама бағыт – Мақатаев көшесі, екі бағытта да қозғалыс ашық.

08:00-ден 10:00-ге дейін

Наурызбай батыр көшесі (Төле би көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін).

08:00-ден 09:35-ке дейін

Бөгенбай батыр көшесі (Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін).

08:00-ден 09:15-ке дейін

Қабанбай батыр көшесі (Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін).

08:00-ден 08:55-ке дейін

Шевченко көшесі (Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін).

08:00-ден 08:35-ке дейін

Құрманғазы көшесі (Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін).

Жолдың уақытша жабылуын ескере отырып, сөре аймағына дейінгі ең ыңғайлы бағытты 2ГИС қосымшасын көруге болады.

2025 жылы 16 қараша күні Алматыда маусымның қорытынды жарысы – City Run өтеді. Іс-шараны "Бірінші болу батылдық" корпоративтік қоры ұйымдастырады. Жүгіру әуесқойлары үшін екі қашықтық ұсынылады: 10 шақырым жүгіру және 5 шақырым скандинавиялық жүріс. Биыл жарысқа 20 елден келген 2 500 адам қатысады.

Айта кетейік, әлемнің көптеген елінде мұндай жарыстар мегаполистердің орталық көшелерінде өтіп, ерекше мерекелік атмосфера қалыптастырып, тұрғындарды белсенді болуға тартады. Көрермендер көшеге шығып, қолдау сөздер жазылған плакаттар мен жалаулар ұстап, қатысушыларға рух береді. Осындай іс-шаралар бүгінде қалалық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналып келеді.

Қордың іс-шаралары, соның ішінде ең ірісі Almaty Marathon қала экономикасына айтарлықтай серпін береді: салық түсімі артып, спорттық туризм мен жергілікті бизнес дамып келеді. Зерттеу деректеріне сәйкес, марафонның небәрі екі күнінде мыңға жуық қатысушы жалпы сомасы шамамен 8 миллион теңгеге төлем жасайды. Ал серіктес компаниялардың салық аударымы 4 жылда 318,9 миллион теңгеден 873,9 миллион теңгеге дейін өскен. Сондай-ақ, басқа қаладан келген қатысушылардың шамамен 80%-ы Алматыға қайта келуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

Жарыстың басталу уақыты:

08:00 – 10 км қашықтыққа жүгірудің басталуы

08:10 – 5 км скандинавиялық жүрістің басталуы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #марафон #Көше #жабылу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Танымал әнші Абай Бегей сегізінші рет әке атанды

Бүгін 10:37

Алаяқтарға алданып қалғанын білген алматылық қария жүрегі шыдамай, көз жұмған

Бүгін 09:56

Сенбіде ел өңірлерінде ауа райы қандай?

Бүгін 09:31

Алматыда жігітті бір топ адам соққыға жыққан

Бүгін 08:57

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Кеше 18:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика