Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы қаласында «Тілім менің – ғасырларға аманат»...

Алматы қаласында «Тілім менің – ғасырларға аманат» атты қалалық семинар өтті

Барлығы 12.11.2025, 13:22 735
Алматы қаласында «Тілім менің – ғасырларға аманат» атты қалалық семинар өтті
Сурет: автор

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы №11 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында қазақ тілінің мерейін асқақтатқан ерекше рухани шара - "Тілім менің – ғасырларға аманат" атты қалалық семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты -  тілдің қадір-қасиетін ұлықтап, ұлы Абай мұрасы арқылы ұлттық құндылық пен рухани биіктікті дәріптеу, сондай-ақ білім беру үдерісінде Абай шығармаларын тиімді пайдалану жолдарын талқылау болды.

Мектеп директоры Ағыбаева Салтанат Ақылбекқызы өз сөзінде ұлттық тілді ұлықтау – ұрпақ тәрбиесінің басты өзегі екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол семинар қатысушыларына «Сингапур – білім беру саласындағы шабыт көзі» тақырыбында баяндама жасады. Ол Сингапур елінің білім жүйесіндегі жаңашыл әдістер мен тәжірибелерді отандық оқу үдерісіне енгізудің тиімді жолдарына тоқталды.

"Бұл шарада тек қана аудан ішінде емес, жалпы қала ішіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қоғамдастық жұмысы көрсетіліп отыр. Семинар барысында жас мамандарға, №39 мектеп-лицейінің, №44 мектеп-гимназиясының және №11 жалпы білім беретін мектептің ұстаздары өздерінің іс-тәжірибесін, сабақта жасанды интеллектті қолдану әдістерін, сондай-ақ түрлі педагогикалық жаңашылдықтарын бөлісті", – деді №11 жалпы білім беретін мектептің директоры Ағыбаева Салтанат Ақылбекқызы

Аталған іс-шарамыздың қадірлі қонақтарының бірі – қалалық әдістемелік кабинетінің әдіскері Шакретова Қаламқас Базарбайқызы бейнежолдау арқылы өз лебізін жолдап, семинар қатысушыларына сәттілік пен шығармашылық шабыт тіледі.

Ұстаздардың тәжірибе алмасу алаңына айналған жиынға қаланың өзге мектептерінен 30-дан астам мұғалім қатысты. Семинардың құрметті қонағы  - Алмалы ауданы №39 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Алматы қаласының «Жыл мұғалімі – 2021», «Үздік педагог – 2025», Халықаралық «Үздік педагог» атағының иегері Аманов Нұржігіт Бердібекұлы. Белгілі ұстаз өз сөзінде Абай шығармаларының тәрбиелік мәнін ашып, ақынның адамгершілік пен парасатқа үндеген идеяларының бүгінгі ұрпақ санасында орны ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар, құрметті мейман "Кемелденген тұлға тәрбиелеуде Абай шығармаларының маңызына" тақырыбында қатысушыларға мазмұнды презентация таныстырды.

Сонымен қатар, мұғалімдер Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, ұлы ақынның шығармашылығына арналған әннен шашу шашып, би көріністерін сахналады.

Ал әріптесіміз Байзақова Жанназия Абайдың 180 жылдығына арнаған арнау оқыды. Көріністер мен өнерпаз шәкірттердің өнері шараның рухани мазмұнын тереңдете түсті.

Шараны ұйымдастыруға мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  әдістемелік бірлестігі  ұйытқы болды.

 Семинар барысында ұстаздар өзара тәжірибе алмасып, заманауи білім беру әдістерін талқылады.

Сондай-ақ, іс-шараға № 39 физика-математикалық лицейден қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанар Кенжалиева қатысты. Ол 
"Оқу үдерісін жетілдірудегі Абайдың "Толық адам" ілімінің маңыздылығына тоқталды. Аталған мектептен қатысқан информатика пәнінің мұғалімі Гүлмира  Малыбаева әріптестерімен ой бөлісті.  Сингапурда тағылымдамадан өткен мұғалім «Білім беру саласындағы халықаралық тәжірибе: қазақстандық мектептерге бейімдеу жолдары» тақырыбында тәжірибе алмасты. Ал 44 мектеп-гимназиядан Гүлдана Құдайбергенова, Несібелді Ардагер, АйжанТалғабекова  есімді ұстаздар бұл жиында бой көрсетті. 

Абай мұрасы – адамгершілік пен даналықтың алтын арқауы. Оның шығармалары – ұстазға да, шәкіртке де өнеге, ұлт руханиятының шамшырағы.

Семинар соңында қатысушылар тағылымды ой түйіп, тіл мен рухтың тұтастығын сезінді. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, осындай рухани бағыттағы кездесулердің жалғасын табатынына сенім білдірді.

"Тілім менің – ғасырларға аманат" атты семинар – ұлттық рух пен тіл мерейін асқақтатқан тағылымды басқосу болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Семинар #қалалық #11 мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

Кеше 19:31

Референдум-2026: зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасына қол жеткізе алады

Кеше 19:30

Республикалық референдумға дайындық: мүгедектігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі

Кеше 19:29

Қазақстандағы референдумды 38 елден және 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы байқайтын болад

Кеше 19:28

 400-ге жуық адам Sirius Energy қаржы пирамидасының құрбаны болды

Кеше 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика