Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / 2,8 миллион теңге. Қазақстанда кім жоғары жалақы а...

2,8 миллион теңге. Қазақстанда кім жоғары жалақы алады?

Мұны білген жөн 12.11.2025, 11:05 484
2,8 миллион теңге. Қазақстанда кім жоғары жалақы алады?
Сурет: Gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең жоғары жалақы төленетін және ең көп сұранысқа ие мамандықтар туралы деректерді жариялады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2025 жылғы қазанда Enbek.kz электрон еңбек биржасында жұмыс берушілер тарапынан 132 мың бос жұмыс орны мен 114,1 мың түйіндеме жарияланған.

Жұмыс берушілер ұсынған ең жоғары еңбекақы деңгейлері:

  • өндіріс бастығының орынбасары (~1 миллион теңге),
  • компьютерлік ойындар дизайнері (~990 мың теңге)
  • омбудсмен (~990 мың теңге) лауазымдары бойынша тіркелген.

"Ал ең жоғары еңбекақы сұрағандар: коммерциялық әуе лайнерінің ұшқышы (~2,8 миллион теңге), өрттің алдын алу және сөндіру жөніндегі кенші (~2 миллион теңге) және басқарма төрағасының орынбасары (~1,8 миллион теңге). Ұсынылған және күтілетін еңбекақы деңгейлері арасындағы алшақтық әлі де сақталған, әсіресе басқарушылық және техникалық сегменттерде", - делінген хабарламада.

Бос жұмыс орындарының саны бойынша білім беру саласы көш бастап тұр – 41,1 мың (31 пайыз), одан кейін әртүрлі қызмет көрсету түрлері – 17,5 мың (13 пайыз) және денсаулық сақтау мен халықты әлеуметтік қорғау саласы – 11,7 мың (9 пайыз). Бұл салалар жиынтық түрде барлық бос орындардың шамамен жартысын құрап, әлеуметтік сектордың жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудегі маңызды рөлін айқындайды.

Қазанда ең көп сұранысқа ие мамандықтардың қатарында жоғары біліктілік талап ететін қызметтер:

  • тәрбиешілер (1,8 мың бос орын),
  • бухгалтерлер (1,1 мың)
  • математика мұғалімдері (1 мың) басым болған.

Қазанда жұмыс берушілер көбіне орта деңгейлі біліктілікке ие мамандарды іздеді – 64,4 мың бос орын. Бұдан сәл аз – жоғары білікті (34,7 мың) және біліктілігі жоқ (32,9 мың) мамандарға арналған орындар болған.

"Ең көп бос жұмыс орындары Түркістан облысында (12 мың), Астанада (11,4 мың) және Жамбыл облысында (8,8 мың) жарияланған. Ал түйіндемелер саны бойынша көшбасшылар қатарында Түркістан облысы (13,4 мың), Астана (9,1 мың) және Қызылорда облысы (8,3 мың) тұр", - делінген хабарламада.

Жас құрылымы тұрғысынан барлық түйіндеменің жартысына жуығы (51,4 мың немесе 45 пайызы) 34 жасқа дейінгі азаматтар тарапынан орналастырылған. 35–44 жас аралығындағы ізденушілер 26 пайыз (29,2 мың), 45–54 жас аралығындағы топ 19 пайыз (21,8 мың), ал 55 жастан асқандар 10 пайыз (11,7 мың) болады. Әйелдер дәстүрлі түрде белсендірек болып қала береді – олардың үлесіне барлық түйіндемелердің 52 пайызы тиесілі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыс #жалақы #ақша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Бүгін 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Бүгін 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика