Қалалық кеңістікті көгалдандыру

Қалалық кеңістікті көгалдандыру Almaty-akshamy.kz. 

«Алматыбасжоспар» ҒЗИ алаңында Бахрейн университетінің архитекторы, PhD профессоры Ислам Хамди Элгонаими, Cushman & Wakefield компаниясының Қазақстандағы серіктесі әрі басшысы, Алматы қала құрылысы кеңесінің мүшесі Гүлшат Сариеваның қатысуымен «Жасыл сәулет» және «Қалалық жылу аралы» тақырыбында халықаралық семинар өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Семинарды ашқан «Алматыбасжоспар» ҒЗИ бас директоры Асхат Сәдуов жаһандық жылынудың бүкіл әлемде өткір тұрған мәселе екеніне ерекше тоқталды. БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының мәліметінше, бүгінде орташа тәуліктік температурасы 25°C-тан жоғары жерлерде тұратын 2,8 миллиард адамның 8 пайызы ғана кондиционерге қол жеткізе алады екен. Жаһандық жылынуды тежеу құралының бірі – қалалардағы жасыл архитектураны дамыту. Сонымен қатар, қоғамдық көлікті дамыту оның экологиялық таза болуына (ЛРТ, метро) баса назар аудара отырып, көлік қаңқасын қалыптастыру жеке автокөлікті пайдалану қажеттілігін азайтады. Бұл жәйт, әлбетте, экологияға оң әсер етеді

«Жасыл архитектурада «ақылды» технологияларды көбірек қолдану қажет. Бұл құралдар суды, электр қуатын үнемдеуге, сондай-ақ көмірқышқыл газының қалдығын азайтуға мүмкіндік береді. Осы технологияны интеграциялауда, ресурстарды бөлуді оңтайландыру мен қалалық көгалдандырудың тұрақтылығын арттыруда ландшафт сәулетшілерінің ерекше рөлін атап өткім келеді», – дейді шетелдік сарапшы Ислам Хамди Элгонаими. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:53

19:18

19:03

18:47

18:01

17:53

17:12

17:05

16:42

16:32

16:05

16:01

15:54

15:47

15:37

15:27

15:09

15:05

14:05

12:51

12:29

11:39

11:08

11:02

10:57