AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұзақ мерзімді демалыс кезінде жұмыскерлер үшін  МӘ...

Ұзақ мерзімді демалыс кезінде жұмыскерлер үшін  МӘМС жарналарын қалай төлеу керек 

Әлеумет 03.07.2024, 11:25 795 Almaty-akshamy.kz. 
Ұзақ мерзімді демалыс кезінде жұмыскерлер үшін  МӘМС жарналарын қалай төлеу керек 
Almaty-akshamy.kz. 

Биылғы жылдың сәуірінен бастап  жұмыскерлер үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын аудару тәртібі өзгерді. Өзгерістер ұзақ мерзімдік еңбек демалысына шығатын қызметкерлерге қатысты болып отыр.  Демалыс маусымында Медициналық сақтандыру қорының Алматы филиалы қызметкерлердің сақтандырылған мәртебесін жоғалтпауы үшін МӘМС  үшін  жарналар мен аударымдарды қалай дұрыс жасау керектігін еске салды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Айтуларынша, ұзақ мерзімдік еңбек демалысында болатын қызметкерлерге жарна төлеу тәртібіне өзгерістер енген.  

«Еңбек демалысының уақыты жақындап келеді. Елімізде 30-45-56 күндік еңбек демалысына шығатын жұмыскерлер бар. Өкінішке орай, жарна дұрыс аударылмауына байланысты ұзақ мерзімдік демалыста болған мамандардың статустан айырылып қалғаны рас. Осы олқылықты реттеу мақсатында жарна төлеу тәртібіне өзгерістер енгізіліп отыр. Мысалы, жұмыскер 1-шілдеден 30-тамызға дейін демалыста болады делік. Мұндай жағдайда МӘМС-ке төленетін аударымдар мен жарналарды демалыс уақытына қарай, яғни, бір айға емес, екі айға  бөліп аудару қажет», - деді филиал қызметкерлері.

Бұл мәселенің медицина және білім беру саласына да қатысы бар. Былтыр жаз айларындағы демалыс кезінде жарна аударылмауы салдарынан қараша айында статустан айырылған дәрігерлер мен мұғалімдер медициналық көмек жағынан қиындыққа душар болды. Туындаған мәселені шешу үшін Қор республика бойынша аталған салаларда еңбек ететін 189 мыңнан астамға статус берді, оның 16 мыңы – Алматы тұрғындары.
Естеріңізге сала кетсек, сақтандыру мәртебесін келесі жолдармен тексеруге болады:

 Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
 fms.kz ресми сайты
Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
 1414 байланыс орталығы
 Damumed мобильді қосымшасы
 Halyk мобильді қосымшасы
 BCC.KZ мобильді қосымшасы
 Kaspi.kz мобильді қосымшасы
 egov.kz электрондық үкімет сайты

Телеграм арнаға жазылыңыз
#МӘМС #әлеумет #демалыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);