Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қалаға көрік беретін ескерткіштер

Қалаға көрік беретін ескерткіштер

Әлеумет 22.05.2023, 10:31 1,130
Қалаға көрік беретін ескерткіштер
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының көрікіне ерекше сән беретін орындар жетерлік. Қала жасыл желегімен, тау-тасымен танымал. Қаламызда 161 ескерткіштер мен мүсіндер бар. Осы ретте, қаламызда орналасқан тұлғалардың ең ерекше ескерткіштеріне тоқталсақ.


Көше бойында бір адамның ойланып бара жатқанын көресіз. Жақындай келе, әйгілі «Кино» тобының әншісі Виктор Цойдың бейнесіндегі мүсін екендігін көзіңіз шалады. Қоладан жасалған туынды әншінің туған күнінде Төлебаев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орнатылған. Дәл осы көшенің бойында Виктор Цойдың қатысуымен «Ине» филімінің соңғы бөлімдері түсірілген.



Ескерткіштің маңайынан әншінің орындауындағы шығармаларының қайырмасы жазылған тақтайшаларды көреміз. Көше бойынан өткендер шумақтарға көз жүгіртіп, жастық шақтарын еске алып жатқанын байқауға болады. Виктор Цой мүсінінің авторы - Матвей Макушкин.


Алматыдағы Абай мен Гагарин көшелерінің қиылысындағы саябақта орындықта отырған скафандрдағы ғарышкер Юрий Гагариннің бейнеленген инсталляциясы орнатылған. Ескерткіштің қасында отырып демалып, сүретке түсуге болады. Сондай-ақ, мүсін Юрий Гагаринің Қазақ жерінен ғарышқа аттанған адам екендігінен хабар береді.



Бұдан әрі Жамбыл көшесі мен Достық даңғылы қиылысынан қазақтың қара домбырасын ұстап, бұлақтың жанында отырған Жамбыл Жабаевтың мүсінін көреміз. Мүсін ұлы тұлғаның 150 жылдығына орай 1996 жылы бой көтерген. Мүсіннің биіктігі 3 м, тұғырдың биіктігі 1 м қамтиды. Ескерткіш кең жайлауды суы мол, шөбі шүйгін ауылды көрсетеді. 



Мұқан Төлебаев көшесі мен Абай даңғылының қиылысында оң қолын тізесіне қойып орындықта отырған қазақтың тума таланты, белгілі композиторы Мұқан Төлебаевтың бейнесін көреміз. Аталмыш ескерткіш 2002 жылы 30 желтоқсанда ашылған. Мүсіннің арғы бетінен Мэлс Сафиннің жобасымен салынған Жетісу субұрқағын көреміз. Фонтан биіктігі 5 метрге дейін көлбеу және тік ағынмен жалпы ауданы 460 шаршы метр болатын үш су айнасы бар каскад түрінде жасалған. Композицияның негізгі элементі – ұлттық ою-өрнекті элементтері бар қызғылт және қара граниттен жасалған стелада 7 бұлақ бар. Ол Жетісудың 7 өзенін білдіреді. Төлебаев көшесі бұрын «Фонтанная» деп аталған деген де нұсқа бар.



Республика сарайының қасындағы саябақтың солтүстік жағында «Қазақ вальсі королінің» ескерткішін көруге болады. Шәмші Қалдаяқовтың мүсіні 2019 жылы бой көтерген. Композицияда Шәмшінің орындықта шығармашылық ой үстінде отырған сәтін көруге болды. Тіпті қасына келіп,  сүретке түсуіне болады. 



2019 жылы «Алматы» қонақ үйінің жанында әйгілі актер әрі танымал фильмдердің режиссері Шәкен Аймановқа ескерткіш орнатылды. Орындықтағы мүсін «Тақиялы періште» музыкалық фильмінің түсірілімі өткен жерде қойылған. Мүсін 1,2 масштабты табиғи көлемде жасалған. Авторы – мүсінші Н. Далбай.



Байсейітова мен Құрманғазының қиылысынан төмен Сочидегі 2014 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, қаза тапқан қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арналған мемориал орналасқан. Мүсінші-Санкт-Петербургтен келген Матвей Макушкин. Гранитті тұғырда Денистің жазған өлең шумақтары және спортағы жетістіктері қашалған.



«Atakent Mall», сауда орталығының саябағында театр және кино актері, әрі режиссер Асанәлі Әшімовтің 85 жылдық мерейтойына орай қойылған ерекше мүсін бар. Ескерткіш былтыр 2022 жылы бой көтеген. Мүсіннің жанында демалып, суретке түсуге болады. Қоладан жасалған мүсін саябаққа ерекше сән беріп тұрғанын байқауға болады.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ескерткіштер #тұлғалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика