«Қайрат» Шотландияда өткен матчте «Селтикпен» тең түсті

  • 02:24, 21 тамыз 2025
«Қайрат» Шотландияда өткен матчте «Селтикпен» тең түсті Instagram/f.c.kairat

«Қайрат» «Селтикпен» тең түсіп, шешуші матч Алматыда өтетін болды.

Алматылық клуб Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойынын Шотландия чемпионына қарсы сырт алаңда өткізіп, кездесуді 0:0 есебімен аяқтады.

Ойынның аяқталуына 15 минут қалғанда негізгі қақпашы Александр Заруцкий жарақат алғанымен, алаңға шыққан Темірлан Анарбеков сенімді өнер көрсетті. Ол тіпті басынан жарақат алып, қансыраған сәтте де қақпасына доп өткізбеді. Қосылған 10 минут ішінде де «қайраттықтар» «Селтиктің» соңғы шабуылдарына төтеп берді.

Осылайша, 2025/2026 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алатын команда 26 тамызда Алматыда өтетін жауапты ойында анықталатын болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
2
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:28

10:27

10:19

10:12

02:24

17:55

17:40

17:32

17:09

16:39

16:28

16:15

16:14

16:07

16:06

14:40

14:30

14:26

14:20

12:56

12:53

12:51

12:30

12:03

12:01