AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Астанада жастарға арналған ең ірі бос жұмыс орында...

Астанада жастарға арналған ең ірі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Не? Қайда? Қашан? 20.08.2025, 14:26 1,950
Астанада жастарға арналған ең ірі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
aqshamnews.kz

Елордада 22 тамыз күні жастарға арналған еліміздегі ең ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Іс-шара Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ұйымдастырылып отыр.

Жәрмеңке «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, негізгі мақсат – жастарға лайықты жұмыс табуға мүмкіндік жасау, олардың кәсіби әлеуетін дамыту және елдің адами капиталын арттыру.

Шара Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония ғимаратында (Кенесары көшесі, 32) өтпек.

Жәрмеңке жастар мен жұмыс берушілердің тікелей диалог алаңына айналып, еңбек нарығындағы жаңа мүмкіндіктерді ашады. Мұнда 70-тен астам ірі жұмыс беруші 1000-нан аса бос жұмыс орнын ұсынады.

Қатысушылардың арасында еліміздің жетекші компаниялары бар. Атап айтқанда:

  • «KEGOC» АҚ,
  • «Қазақтелеком» АҚ,
  • «DAR RAIL» ЖШС,
  • «Home Credit Bank» АҚ,
  • «Қазмедиа орталығы» АҚ,
  • «Богатырь Көмір» ЖШС,
  • «Қазпошта» АҚ,
  • Қазақстан Халық Банкі» АҚ,
  • Astana Hub және басқа да ұйымдар.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, жәрмеңкенің өткізілуі жүздеген жас қазақстандықты жұмыспен қамтуға жол ашады. Сонымен қатар, бұл шара жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге және ел экономикасын дамытуға ықпал етпек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмысшы #жәрмеңке #маман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бейсенбіде еліміздің 17 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:05

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Кеше 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Кеше 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Кеше 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Кеше 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);